» » Қызылорда: Өңірлік кадр резервіне іріктеудің қорытындысы жарияланды

Қызылорда: Өңірлік кадр резервіне іріктеудің қорытындысы жарияланды

Биыл 1 наурыздан бастау алған облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өңірлік кадр резервіне іріктеу өз мәресіне жетті.
Кадр резервіне Қызылорда облысынан 235 азамат құжат тапсырды. Олар 35 жастан аспаған, жоғары білімді және 3 жылдан кем емес жалпы еңбек өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Мирамкүл Бибітова мәлімдеді.

Резервке іріктеу бірнеше кезеңнен тұрды.
Тамыз айының 23 күні іріктеудің қорытынды сатысы - комиссиядағы құрылымдық сұхбат өткізілді. Оған құзыреттерді бағалау сатысынан жоғары нәтиже көрсеткен 40 үміткер жіберілген болатын. Олардың 36-ы сұхбатқа қатысып, ал 4 үміткер белгісіз себептермен сұхбатқа қатыса алмады.

Құрылымдық сұхбатқа оның ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында өңірлік кадр комиссиясы құрамынан басқа салалық бағыттар бойынша мамандар қатысты.

Сұхбат өңірлік кадр комиссиясының төрағасы, облыс әкімі Н.Нәлібаевтың төрағалық етуімен жүргізілді. Әрбір үміткер өзі таңдаған салалық бағыт бойынша жобаларын таныстырды. Презентацияға 5 минуттан аспайтын уақыт берілді. Кандидатқа өзі ұсынған жобаның мәні мен мақсаттарын, оны іске асыру кезеңдерін, ықтимал проблемаларды, күтілетін нәтижелерді ашу талаптары қойылды.

Комиссия үміткерлерді келесі критерийлерге сәйкес бағалады:
- аналитика;
- білімнің тереңдігі;
- қарым-қатынас дағдылары.
Үміткерлер әлеуметтік сала бойынша - ерекше білім беруді қажет ететін жасөспірімдерге орта мектептен кейін кәсіптік мамандықты игертуге, индустрия және өнеркәсіп саласы бойынша - өңірдегі шикізаттарды пайдаланып, шыны өнімдерін шығару бағытындағы идеяларын ұсынды. Сонымен қатар, Сыр салысы күрішті ақтап қана қоймай, күріш майы, глютен, ұн т.б. өнімдерді алу, экология саласы бойынша - тұрмыстық қалдықтарды өңдеп, қайта пайдалануға беру жөніндегі идеялары кадр комиссиясының көңілінен шықты.

Іріктеудің соңғы кезеңі - комиссиямен шешім қабылданатын күн. Комиссия шешімімен өңірлік резервке аймақтан 25 азамат өтті. 6 айға жуық іріктеудің бірнеше сатыларынан өтіп, жеңімпаз атанған өңіріміздің талантты жастарын мына сілтемеден көре аласыздар.

Мемлекеттік қызметші - еліміздің ең маңызды идеяларының бастаушысы. Осы орайда жеңімпаздарға елге қызмет жолындағы адал еңбектеріне табыс тілейміз!
28 тамыз 2024 ж. 106 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 221

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 150

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 327

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930