» » «Ислам және адал қоғам» тақырыбында мазмұнды кездесу өтті

«Ислам және адал қоғам» тақырыбында мазмұнды кездесу өтті


Руханият орталығында «Ислам және адал қоғам» тақырыбында рухани-танымдық кездесу ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға облыстық «Ақмешіт–Сырдария» мешітінің бірінші найб имамы Ж. Абенов арнайы қатысып, Қармақшы ауданының зиялы қауым өкілдерімен жүздесті.

Кездесу барысында қоғамда адалдық, әділдік және адамгершілік құндылықтарды насихаттау, ислам дінінің рухани-тәрбиелік маңызын түсіндіру мәселелері кеңінен сөз болды. Сонымен қатар, имандылықтың қоғамдағы орны, отбасы тәрбиесінің рөлі және азаматтық жауапкершілік тақырыптары қозғалды.

Іс-шараны аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Құлдүйсенов Әбдірахман жүргізіп, ашық форматта пікір алмасу өтті. Сұрақ-жауап бөлімінде аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы М. Әлиев, аудандық полиция бөлімінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Е. Назарқұлов және аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Ш. Құндақбаев өз сауалдарын қойып, маңызды ойларымен бөлісті.

Кездесу соңында қатысушылар мұндай рухани кездесулер қоғамдағы бірлік пен татулықты нығайтуға, жастар тәрбиесіне оң әсер ететінін атап өтті.

Қармақшы аудандық "Қармақшы ата" мешітінің баспасөз қызметі

09 ақпан 2026 ж. 168 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 077
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 287

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031