» » Билер кеңесінің төрағасы кездесу өткізді

Билер кеңесінің төрағасы кездесу өткізді

qarmaqshy-tany.kz Қызылорда облысының Билер кеңесінің төрағасы Зейнолла Нұрсейтов арнайы іс-сапармен Қармақшы ауданының әкімдігінде татуластыру рәсімдерін қолдану мәселелерін талқылау бойынша кездесу өткізді.
Іс-шараға облыстық Билер кеңесінің төрағасы З.Нұрсейтов, аудандық Билер кеңесінің төрағасы  Қ.Есдаулетов, аудандық ішкі істер органының ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Назарқұлов, аудан әкімінің  орынбасары Ж.Ерқосаев, аудандық сотының төрағасы Қ.Мыханов, кент және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Кездесу барысында облыстық билер кеңесінің төрағасы З.Нұрсейтов, өз кезегінде Билерге дауларды бейбіт жолмен реттеу, қоғамдағы жанжал деңгейін төмендету жөніндегі маңызды міндет жүктеліп отырғанын айтып, Билер кеңесінің негізгі міндеттері мен мақсаттарына ерекше тоқталып өтті. Сөз соңында халық арасында тәрбиелік және алдын алу жұмыстарына аса мән беру керек екенін атап өтті.
Қайнар: Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі
23 ақпан 2023 ж. 598 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 074

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930