Құрылтай
» » Аудандық сот төрағасы Билер кеңесінің мүшелерімен кездесті

Аудандық сот төрағасы Билер кеңесінің мүшелерімен кездесті

ЖОСАЛЫ, 27 ақпан – qarmaqshy-tany.kz Қармақшы аудандық сотының төрағасы Д.Кентбаев аудандық Билер кеңесінің мүшелерімен татуластыру рәсімдерін қолдану мәселелерін талқылау бойынша кездесу өткізді.


Д.Кентбаев Билер кеңесіне дауларды бейбіт жолмен реттеу және қоғамдағы жанжал деңгейін төмендету жөніндегі маңызды міндет жүктеліп отырғанын атап өтті.
Кездесу барысында Билер кеңесінің негізгі міндеттері мен мақсаттары айтылды, кеңестің одан әрі қызметін ұйымдастыру бойынша ұсыныстар берілді.
Кездесуге қатысушылар судьяның қатысуымен татуластыру рәсімдерін жүргізу кезінде туындайтын мәселелерді, Билер кеңесі мен сот және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тәртібін талқылады.
Билер кеңесі мүшелеріне кеңес жұмысын жандандыру және халық арасында тәрбиелік және алдын алу жұмыстарын жүргізу ұсынылды.

Аудандық соттың баспасөз қызметі
27 ақпан 2020 ж. 937 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 665
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 117

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31