» » Медиацияның мүмкіншілігі

Медиацияның мүмкіншілігі

Қазіргі таңда қоғамда дауларды медиа­ция тәртібімен реттеу кең қарқын алып жатқандығы белгілі. Елімізде тараптар арасында туындаған дауды өзара шешуге барлық мүмкіндік жасалған.
Жалпы медиация – бітім­гер­шілік пен ымыраластыққа бағытталған, тара­птардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында ме­диатордың жәрдемдесуімен арадағы дауды реттеу рәсімі. Ал медиатор – кәсіби және кәсіби емес негізінде медиация жүргізу үшін тараптар тартатын тәуелсіз тұлға. Медиацияны қолдану дауларды тез әрі тиімді оңтайлы шешілуін, тараптардың материалдық шы­ғынының азаюына, адамның моральдық түрде шаршамауына, тараптардың бір-біріне кешірім жасауына, адамның адамгершілік қасиетін арттыруға зор ықпалын тигізеді.
Татуластыру жолымен шешуге жататын істерді қарауда аса белсенділікпен атсалысатын, халық ризашылығы мен құрметіне ие қоғамдық медиаторларға деген сенімділік қашанда жоғары. Себебі дауды шешуде олардың атқаратын рөлі ерекше. Даудың дұрыс әрі заңды шешілуіне қисынды сөзімен, іске қатысушы тараптарды сендіре білу оңай шаруа емес. Әдетте сотқа жүгінетін тараптың бірі жеңсе, екіншісі жеңілетіні белгілі. Ал осы мәселені екеуіне теңдей етіп айқай-шусыз, дау-дамайсыз шешіп беру – тек қана медиатордың қолынан келетін іс. Бұрынғының билерін халық бір төбе десе, бүгінгінің төбесі – медиатор.
Қазіргі таңда «Татуласу: сот­қа дейін, сотта» пилоттық жобасын жүзеге асыру аясында ҚР Жоғарғы Сотымен еліміздің аудандары мен ауылдарында дәстүрлі «дала құқығы» негізінде дауларды шешуді меңгерген ақсақалдар мен құрметті адамдар қатарынан Билер кеңесін құру бойынша жұмыстар жүргізіліп, бұл орайда осы жылдың 13 наурызында аудандық соттың ұйымдастырумен аудан әкім­дігінің мәжіліс залында Билер кеңесін құру бойынша бастамашыл топтың жиыны өтті. Нәтижесінде «Татуласу: сотқа дейін, сотта» пилоттық жобасы аясында ауданда Билер кеңесі құрылды.
Көпшіліктің ұсынуымен билер ке­ңесінің құрамына аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қаршыға Есдәулетов, аудандық қоғамдық кеңесінің төрайымы Күлжауһар Раева, білім саласының ар­дагері, ауданның құрметті азаматы Дәмелі Жалғасбаева, аудандық кәсіпқой емес медиатор Өмірбек Өміртаев, ауданның құрметті азаматы, зейнеткер Махсұтбек Өтегенов сайланды.
Бүгінгі таңда азаматтық істер бойынша тараптар Билер кеңесіне жүгініп, олардың ақылы мен батасын алған ерлі-зайыптылар өзара татуласып, Билер кеңесінің мүшелеріне алғысын білдіруде.
Сондықтан медиацияны од­ан әрі дамыту бағытында аудан, ауыл тұр­ғындарына татуласу рәсімі мен медиация туралы, оның ішінде медиация мен партисипативтік келісімдерін насихаттау және дауды сотқа дейін татуласу арқылы шешудің тиімділігі туралы түсіндірме жұмысын кеңінен жүргізудің маңызы өте зор.

М.Есбаев,
аудандық соттың
бас маманы
04 қыркүйек 2019 ж. 1 316 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 081

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031