» » Аудандық сотта медиация тәртібімен қаралған істер

Аудандық сотта медиация тәртібімен қаралған істер

Баршаңызға мәлім, заңға сәйкес жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қатысуымен азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын, сондай-ақ, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар және атқарушылық іс жүргізуді орындау кезінде туындайтын қатынастар медиацияның қолдану саласы ретінде, 2011 жылы Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» заңы қабылданған болатын.
Сол уақыт аралығында жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын дауларды реттеу кезінде медиация сотқа жүгінгенге дейін де, сот талқылауы басталғаннан кейін де қолданылуын халыққа бірнеше насихаттау жұмыстары жүргізіліп келеді.
Медиация – тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың (медиаторлардың) жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды реттеу рәсімі.
Өз тарихымызға көз жүргірте отырып, медиацияның –яғни бітімгершіліктің қазақ билерінің кеңінен пайдаланған билік құралы екендігі айқындалады. Тараптарды табысытырып, екі жақты ұтымды жағдайға келтіре білген. Бір жағы ұтпаса да өзінің талабының негізсіз екендігін бидің шешендігі мен көсемдігі арқасында түсініп, бидің сөзіне тоқтап бас иген. Осы көшпелі қазақ қоғамымыздың билер институтының өнегелі тәжірибесін қазіргі медиация тұрғысында кеңінен пайдалану абзал.
Статистикалық есептерге жүгінсек, 2018 жылы Қармақшы аудандық сотымен медиация тәртібімен жалпы 98 іс қаралып, оның ішінде 13 қылмыстық істер бойынша, 42 азаматтық істер бойынша, 43 әкімшілік істер бойынша бітімгершілік келісім шарттары бекітіліп нәтижесінде тараптардың келісімге келуіне байланысты өндірістен тоқтатылған. Яғни, 2018 жылды өткен жылдармен салыстырсақ, медиация тәртібімен шешілген істердің саны артқанын көруге болады.
Қорыта келгенде, Медиацияны қолдану тәсілі өркениет көшіне батыл бет түзеген біздің қоғамымызда оң өзгерістердің жүзеге асырылып жатқандығының айқын көрінісі екендігін айғақтайды. Негізінен айтқанда бұл заң қазақ халқының дәстүрлі билер мен ата бабалар тағылымын, әдет-ғұрып тәжірибесін қалпына келтіруге жасалған игі қадамның бірі, оның тиімділігі мол деп есептесек қателеспейміз.
Қ.Шазатов
Қармақшы аудандық
сотының бас маманы
27 ақпан 2019 ж. 881 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10360)

30 қараша 2024 ж.

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 477

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 549

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031