Құрылтай
» » Ауданда облыстық билер кеңесі мүшелерімен кездесу өтті

Ауданда облыстық билер кеңесі мүшелерімен кездесу өтті


Аудан әкімдігінің ғимаратында облыстық билер кеңесі мүшелерімен кездесу өтті.
Кездесуге аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы С.Желдербаев, аудандық билер кеңесінің төрағасы Е.Ұзақбаев, Жосалы кентінің кәсіби емес медиаторлары, аудандық дербес бөлім басшылары мен мамандары және ауыл әкімдері қатысты.
Кездесудің басты мақсаты:
Соттан тыс татуластыру рәсімдері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
Билер кеңесінің мүшелерінің, медиаторлардың белсенді атсалысуымен дауларды соттан тыс реттеу;
Құқықтық мәдениетті арттыру, бейбіт жолмен реттеу арқылы қоғамдық сананы арттыру;
Ауылдық елді мекендерде билер кеңесін құру болып табылады.
Кездесу барысында аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы С.Желдербаев билер кеңесінің тиімділігіне қысқаша тоқталып, ҚР әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексіне енгізілген өзгертулер туралы айтып өтті.
Мәжілісті аудан әкімінің орынбасары Ж.Ерқосаев қорытындылады.

20 мамыр 2022 ж. 568 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 603
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 065

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31