» » «Мықты отбасы – Мықты мемлекеттің кепілі»

«Мықты отбасы – Мықты мемлекеттің кепілі»

«Руханият» орталығында отбасы күніне орай аудандық кітапхана мен отбасын қолдау орталығы бірігіп «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының аудандық кезеңінің лауреаттарымен және «Бақытты әйел-отбасы тірегі» кездесу кешін өткізді.

Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Самат Смағұлов құрметті қонақ ретінде арнайы қатысып, жүрекжарды лебізін арнап, шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. Сонымен қатар, ел игілігі жолында еңбегімен көзге түскен қатысушыларды салтанатты түрде марапаттады. Ол өз сөзінде:

Отбасы – адамзат баласының ең алғаш табан тірейтін киелі шаңырағы, бүкіл қоғамның негізі. Әр адамның өмірлік бағыты мен мінез-құлқы, рухани болмысы, адами қасиеті – бәрі осы отбасынан бастау алады. Әрбір отбасыда береке мен молшылық, жылы мейірім орнасын! Шаңырақтарыңыз шаттық пен шуаққа, ырыс пен ынтымаққа толы болсын,-деді.

Мерекелік жиында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков, қоғамдық кеңес төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов, аудандық әйелдер кеңесінің төрағасы Гүлжаухар Раева сөз алып,“Өскелең ұрпақтың отбасында тәлім-тәрбие алып, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруін өте маңызын атап айтты.”
 
Сонымен қатар, кеш соңы концерттік бағдарламаға ұласып, аудан өңерпаздарының орындауындағы көркем ән-күйлер кеш көркін аша түсті.

#ҚармақшыРуханият
13 қыркүйек 2025 ж. 266 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 124
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 710

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031