Топ-баннер
» » Байқау қатысушылары марапатталды

Байқау қатысушылары марапатталды


Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков «Мерейлі отбасы» байқауының қатысушыларын қабылдады.
Кездесуде аудан басшысы ұлағатты отбасылар құттықтап, ізгі лебізін жеткізді.
-Отбасы біздің қоғамымызда руханилықты, өнегелілікті нығайтуға, ерлі-зайыптылар жауапкершілігінің артуына ықпал етеді. Отанға деген сүйіспеншілік отбасынан басталады. Туған шаңырақтан алған тәрбие - барша халқымыздың табысты болашағының кепілі. Халқымызда «Отан отбасынан басталады» деген қарапайым қағидат қай дәуірде болсын өзгерген емес. Отбасы – қоғамының діңгегі, экономикадағы, мәдениеттегі, әлеуметтік саясаттағы барлық жаңа жетістіктерінің негізі. Отбасының қалыптасуы, қоғамның қалыптасуына тікелей байланысты, - деді аудан әкімі Мұса Қалдарбеков.
Кездесу барысында аудандық аналар кеңесінің төрайымы К. Раева сөз алып, әр бала атаның қанымен, ананың сүтімен келетін қасиеттер сияқты ұлттық рухани құндылықтарды ең алдымен отбасында ата-ананың тәрбиесімен бойына сіңіретінін атап айтып, ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағының кепілі екенін жеткізді.
Кездесудің қорыдындысында аудан әкімі Мұса Оспанұлы «Мерейлі отбасы» байқауының аудандық кезеңінің жүлдегерлері өнегелі отбасыларға диплом номинацияларын табыстап, сый-құрмет көрсетті.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
05 шілде 2021 ж. 820 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№13 (10480)

17 ақпан 2026 ж.

№12 (10479)

14 ақпан 2026 ж.

№11 (10479)

10 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 455
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 288

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728