» » Аудан әкімінің Отбасы күні мерекесімен құттықтауы

Аудан әкімінің Отбасы күні мерекесімен құттықтауы

ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ!
ҚЫМБАТТЫ ЖЕРЛЕСТЕР!
Баршаңызды отбасы күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Отбасы күні біздің қоғамымызда руханилықты, өнегелілікті нығайтуға, ерлі-зайыптылар жауапкершілігінің маңыздылығының арттыруына ықпал етеді.
Отанға деген сүйіспеншілік отбасынан басталады. Туған шаңырақтан алған тәрбие - барша халқымыздың табысты болашағының кепілі.
Халқымызда «Отан отбасынан басталады» деген қарапайым қағидат қай дәуірде болсын өзгерген емес. Отбасы – қоғамының діңгегі, экономикадағы, мәдениеттегі, әлеуметтік саясаттағы барлық жаңа жетістіктерінің негізі.
«Әке – асқар тау, ана – мөлдір бұлақ, бала – жағасындағы құрақ», деген даналық сөз ұлттық тәрбиенің отбасылық өмірде атқарар рөлін айқындап тұрғандай.
Тәуелсіз елдің жас ұрпағын ұлттық рухани құндылықтармен сусындатып, салт-дәстүрі мен мәдениетін жоғары ұстанатын ұрпақ тәрбиелеуде отбасының маңызы зор. Әр бала атаның қанымен, ананың сүтімен келетін қасиеттер сияқты ұлттық рухани құндылықтарды да ең алдымен отбасында ата-ананың тәрбиесімен бойына сіңіретіні анық.
Отбасының қалыптасуы, қоғамның қалыптасуына тікелей байланысты.Отбасындағы ұл-қыздарыңыз әке мен ана еңбегін биіктен көрсетер тұлға болып қалыптасып, тәуелсіз еліміздің өркендеуіне адал қызмет атқаратынына сенімдемін.
Мерейлі мереке қарсаңында баршаңыздың отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, ұрпақтарыңызға бақ-береке, елімізге тыныштық тілеймін!
Ізгі ниетпен,
Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков

13 қыркүйек 2020 ж. 3 144 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№85 (10453)

08 қараша 2025 ж.

№84 (10452)

04 қараша 2025 ж.

№83 (10451)

01 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 831
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 553

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930