» » ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ


Қармақшы ауданында жол инфрақұрылымын жақсарту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұл бойынша Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында аудан әкімі Жандос Еркінбек атап өтті.

Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 155,3 шақырым болса, оның 148,8 шақырымы асфальтталған, 6,5 шақырымы қиыршық тасты. Барлық жолдар қазіргі уақытта жақсы және қанағаттанарлық жағдайда.
2025 жылы үш деңгейлі бюджет есебінен автомобиль жолдарын жөндеу және күтіп ұстауға жалпы 1,570,5 млн теңге бөлініп, 23 шақырым жол жөнделді.
Ірі жобалар қатарында Ақжар ауылындағы Абай Құнанбаев көшесі мен «Төретам–Ақай» айналма жолының күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Жосалы кентіндегі Қали Шыңғысов көшесі күрделі жөнделіп, бюджеттен 59,9 млн теңге игерілді. Сонымен қатар, аудандық бюджеттен 412,7 млн теңге қаралып, Ақжар, Жосалы, Ақтөбе, Алдашбай Ахун және Ақай ауылдарындағы 5 көшеге орташа және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Аудан әкімі атап өткендей, бұл жұмыстар тұрғындардың қауіпсіз жүріп-тұруын қамтамасыз етіп қана қоймай, ауылдық елді мекендер арасындағы қатынасты жеңілдетуге де мүмкіндік береді.

04 ақпан 2026 ж. 140 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 074

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930