» » ЖОЛ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ – БАСТЫ МІНДЕТ

ЖОЛ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ – БАСТЫ МІНДЕТ

Тәуелсіздік алған жылдардан бастап еліміз көлік байланысын дамытуды бірінші кезекке қойғаны белгілі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің транзиттік әлеуетін арттыруға ерекше назар аударған. Бұл өз кезегінде сапалы тас жолдың болуын талап етеді.
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтіп, күн тәртібінде автожол саласын дамыту және салаға цифрлық технологияларды енгізу мәселесі қаралды. Жиынға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режим арқылы қатысып, үкімет отырысынан кейін мәселелер кеңінен талқыланып, қала, аудан әкімдері мен сала жетекшілеріне тапсырма жүктеді.
– Биылғы меже – жақсы жағдайдағы жолдардың үлесін 95 пайызға жеткізу. Өткен жылы жөндеуден өткен жолдардан анықталған кемшіліктерді шұғыл қалпына келтіріп, қаржының толық игерілуін қамтамасыз етіңіздер. Автомобиль жолдары мен көшелерді салу, жөндеу жұмыстарының сапасын қатаң бақылауға алыңыздар. Жобалардың мерзімінде аяқталуын басты назарда ұстаңыздар, – деді облыс әкімі.
Бүгінде облыс аумағынан 3545 шақырым жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары өтеді, оның 1024,5 шақырымы – республикалық, 555 шақырымы – облыстық, 1965,5 шақырымы – аудандық маңызы бар автомобиль жолдары.
Ал Қармақшы аудандық маңызы бар жолдар барлық елді мекендерге тартылып, жөнделіп қазіргі уақытта жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 84 пайыздан асты. Былтырғы жылы жол жөндеу жұмысына 1 млрд 371 млн теңге қаралып «Ақжар-Тұрмағамбет-Көмекбаев» аудандық маңыздағы автомобиль жолдарының жалпы 27 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Республикалық және облыстық бюджеттерден қаржы қаралып, Қызылтам елді мекеніне баратын 4,6 шақырым автомобиль жолына асфальт төселді. Ақжар ауылындағы А.Құнанбаев көшесін жөндеуге «Ауыл – ел бесігі» бағ дарламасы аясында республикалық бюджеттен 90 млн теңге қаржы бөлініп, жұмыстары жүргізілуде. Төретам кентінің 3 көшесіне, Жосалы кентінің 2 көшесіне және Тұрмағамбет ауылының 5 көшесіне күрделі және орташа жөндеу жұмыстарына бюджеттен қаржы қаралып, құрылыстары аяқталды. Сонымен қатар, аудандық бюджет есебінен Жосалы кентінің 4 көшесінің орташа жөндеу жұмыстарына 94,4 млн теңге қаржы қаралып, жұмыстары толығымен аяқталды.
Биылғы жылы да жолдарды жақсарту мақсатында 35 жобаға қаржы бөлініп отыр. Автомобиль жолдары саласындағы 2025 жылы жүзеге асырылатын ірі жобалардың бірі – Төретам-Ақай айналма жолы. Жобаның құны 1,1 млрд теңге. Бүгінгі күні мердігер мекеме («ОрдаАвтоДор» ЖШС) анықталып отыр. Жолға жөндеу жұмысын жүргізу арқылы Байқоңыр қаласы, Төретам кенті мен Ақай ауылдық округінің 60 мыңға жуық тұрғындары сапалы көлік қатынасына қол жеткізетін болады.
Жол жөндеу жұмыстары толық аяқталғаннан кейін жыл соңында аудандық маңыздағы автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 90,2 пайызға артатын болады.
«ҚТ» ақпарат
10 ақпан 2025 ж. 68 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№11 (10379)

11 ақпан 2025 ж.

№10 (10378)

08 ақпан 2025 ж.

№9 (10377)

04 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 378
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728