» » АБАЙ РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН МҮШАЙРА ӨТТІ

АБАЙ РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН МҮШАЙРА ӨТТІ


Білім бөліміне қарасты аудандық Оқушылар үйінде ұлы ойшыл, кемеңгер ақын Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын дәріптеу мақсатында «Жыр жазамын Абайдың үлгісімен» атты ақындар мүшайрасы жоғары деңгейде өтті.

Мүшайраға ауданның әр білім беру ұйымдарынан келген 20–45 жас аралығындағы қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері қатысып, сөз өнеріне деген құрметін, шығармашылық ізденісін паш етті.

Шара екі кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде қатысушылар Абайға арналған өз өлеңдерін оқыса, екінші кезеңде ұйымдастырушылар ұсынған тақырып бойынша суырыпсалма өлең шығарып, тапқырлықтары мен ақындық шеберліктерін көрсетті.

Абай поэзиясын бүгінгі күнмен байланыстыра отырып, жаңаша ой, терең мағына, көркем тілмен жеткізген бұл мүшайра жас ақындардың шығармашылық дамуына жол ашып, ел рухын көтеретін тағылымды шараға айналды.

Осындай мазмұнды, рухани іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады деген сенімдеміз.

26 қаңтар 2026 ж. 225 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 443

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30