» » АДАМЗАТТЫҢ АБАЙЫ

АДАМЗАТТЫҢ АБАЙЫ

Жуырда «Руханият» орталығында қазақтың ұлы ойшылы, ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Адамзаттың Абайы: руханият, парасат, таным» атты аудандық танымдық конференция өткізілді.
Тағылымды кездесуді аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы жүргізіп, Абай мұрасының ел руханиятындағы орны мен бүгінгі ұрпақ үшін маңызын атап өтті. Сондай-ақ, мұндай шаралар ұлттық құндылықтарды сақтауға зор үлес қосатынын жеткізді.
Сонымен қатар іс-шара барысында Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ардагер ұстаз, білім беру ісінің үздігі Дастан Нәзікбаев «Абай – тұлға» тақырыбында баяндама жасап, онда білім мен парасат ұғымдарының сабақтастығын ашып көрсетсе, Қуаңдария ауылындағы №186 орта мектеп директоры Ғалымжан Кәрібаев «Абай – қазақ тарихындағы ұлы тұлға» тақырыбында ақын мұрасының қазіргі заманмен байланысын жан-жақты саралады.
Әрі қарай аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков сөз сөйлеп, Абай шығармаларындағы еңбек пен білім тақырыптары аясында жас ұрпақ тәрбиесіне енгізудің маңызын атап өтті.
Конференция соңында Абайдың қара сөздерінен үзінділер оқылып, ақын әндері шырқалды. Жас өнерпаздар мен мектеп оқушылары Абайға арналған арнау-жырлар мен әдеби шығармаларын ұсынып, тағылымды кездесуде жағымды әсер қалдырды. Іс-шара қорытындысында Самат Қыдырбекұлы Абай Құнанбайұлының мұрасын білім, тәрбие салаларында кеңінен насихаттаудың маңыздылығын атап өтіп, осындай тағылымды кездесулердің жалғасуын қолдады.
«Қт» ақпарат
11 тамыз 2025 ж. 159 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (10446)

14 қазан 2025 ж.

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 644
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 411

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031