» » АБАЙ КҮНІ – ҰЛЫ АҚЫНҒА ТАҒЗЫМ!

АБАЙ КҮНІ – ҰЛЫ АҚЫНҒА ТАҒЗЫМ!

Байқоңыр қаласында қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы, кемеңгер тұлға Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Абай күні – Ұлы ақынға тағзым!» атты тағзым ету шарасы өткізілді.
Шара Абай ескерткіші алаңында ұйымдастырылды. Жиналған қауым Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған әдеби-танымдық қойылымды тамашалап, оқушылардың орындауында ақын өлеңдерінен үзінділер тыңдады. Абай образы көрініс арқылы бейнеленіп, ақынның даналығы кеңінен насихатталды.
Іс-шара барысында Байқоңыр қаласы әкімшілігі басшысының міндетін атқарушы Алексей Геннадиевич, ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Жан Шайхысламұлы, Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы және тағы да басқа сала басшылары сөз сөйлеп, Абай мұрасының ұлт руханиятындағы маңыздылығын кеңінен атап өтті. Сондай-ақ, Байқоңыр қалалық «Жәрімбет ата» мешітінің бас имамы Өміржан Жұмаділдәұлы жүрекжарды лебізін білдіріп, ұлы ақынға құран бағыштады.
Шара одан әрі мәдени бағдарламаға ұласып, «Назқоңыр» ансамблі, «Жас-дәурен» қобызшылар ансамблі және жергілікті өнерпаздар көрерменге рухани сый тартты.Шара соңында жиналғандар Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, кемеңгер тұлғаның рухына тағзым етті.
Аудан әкімі Жандос Еркінбектің тапсырмасымен Қармақшы ауданынан арнайы делегация тағылымды шараға қатысты. Ұлт руханияты мен мәдениетін ұлықтауға арналған бұл жиын Абай мұрасын насихаттап, жастарға өнеге боларлық мазмұнда жоғары деңгейде өтті.






11 тамыз 2025 ж. 235 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (10468)

31 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 206
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 77

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031