» » » Қайырымдылық керуені Байқоңырда

Қайырымдылық керуені Байқоңырда


ҚМДБ «Зекет» қайырымдылық қорының бастамасымен бастау алған «қайырымдылық керуені» кезекті 100 отбасыға қуаныш сыйлады.
Байқоңыр қалалық «Жәрімбет ата» мешітінің ауласында өткен игі шараға ҚМДБ-ның Сыр өңірі бойынша бас имамы Болатбек Ұласқанұлы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы Абатов Жасұлан Уалиұлы, «Нұр-Отан» партиясы Байқоңыр қаласындағы филиалының басшысы Еспенбетов Мақсат, Қармақшы аудандық Ішкі Саясат бөлімінің басшысы Смағұлов Самат, Төретам кенті әкімінің орынбасары Шәкиева Дина, Төретам кенті ардагерлер кеңесінің төрағалары Аралбаев Смағұл, мешіт жанашыры Жакишев Абай, «Зекет» қорының облыстағы өкілі Онталап Тасбулатұлы қатысып, әлеуметтік жағдайы аз қамтылған жанұяларға азық-түлік қоржындарын табыстады.

Бұдан кейін қонақтар Төретам кентінде салынып жатқан жаңа мешіттің құрылыс барысымен танысып, оң бағаларын берді. Құрылысы аяқталған соң жаңа мешітте 500 адамға дейін құлшылық жасай алатын болады.
Сауапты шара соңында Бас имам Болатбек Абуов жаңа мешіттің құрылысы мен «қайырымдылық керуенін» өткізуге демеушілік жасаған Абай Байділдәұлын және мешітке жанашыр азамат Өмірсерік Үншібайұлын ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының алғыс хатымен марапаттады.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдгінің баспасөз қызметі
01 қазан 2020 ж. 1 306 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930