» » КӘСІПКЕР ӨНЕГЕСІ

КӘСІПКЕР ӨНЕГЕСІ

Газет – оқырманымен құнды, жанашырымен ғұмырлы. Қоғам мен халық арасын жалғаған алтын көпір саналатын баспасөздің өміршеңдігі де ең алдымен тұрақты оқырманға байланысты. Оқырманы жоқ басылым – қанатсыз құспен тең десек, артық айтқандық емес. Осы тұрғыдан алғанда, аудандық «Қармақшы таңы» газетінің жылданжылға бағытынан жаңылмай, өз үрдісін сақтап, мазмұнын байытып келе жатқанына жергілікті оқырмандардың қосып отырған үлесі зор.
Аудан айнасы атанған төл басылымды қолдап, оған жанашырлық танытып жүрген жерлестеріміз аз емес. Солардың бірі – аудандағы бірнеше кәсіптің иесі, белгілі кәсіпкер Рабиға Балғабаева. Ол көп жылдан бері «Қармақшы таңы» газетінің тұрақты оқырманы ғана емес, аудан айнасын ұжымға жазып беріп отырған демеуші.
Жыл сайын қарамағындағы қызметкерлеріне жағдай жасап, аудандық газетке жазылуына жәрдемдесуді әдетке айналдырған кәсіп иесі биыл да осы игі дәстүрінен жаңылған жоқ. Осы жылдың бірінші жартыжылдығына өз ұжымын «Қармақшы таңы» газетіне жаздырып, өнегелі іс жасады.

– Жақсы жаңалық адамның көңілін көтереді. Сол секілді «Қармақшы таңы» газеті де оқырмандарын аудандағы жағымды жаңалықтармен қамтып, ел ішіндегі игі бастамалардан хабардар етіп отырады. Өзім де газет оқудан алыс емеспін, бұрыннан тұрақты оқырманмын. Сондықтан айналамдағы жандардың да төл басылыммен дос болғанын қалаймын, – дейді кәсіпкер.

Қазіргі қарбалас тіршілікте көп жағдайда күнделікті жұмысқа алаңдап, айналамыздағы өзгерістерге мән бермей қалатынымыз бар. Осындай сәттерде кәсіпкер ана аудан тынысын, кенттегі жаңашылдықтарды, әріптестер мен таныстардың жетістіктерін газет беттерінен оқып, марқайып қалатынын жасырмады.

– Кейде қызу жұмыстан қол босамай, жаңалықты жіті қадағалауға мүмкіндік болмай жатады. Сондай кездері елдегі өзгерістерді, жақсы бастамаларды газеттен оқып, қуанып жатамыз. Меніңше, төл басылым әр үйдің төрінде тұруы керек. Өйткені әр шаңырақта біз секілді газеттен қол үзбеген үлкендер бар, – дейді Рабиға апай.

Кенттегі «Мағжан» кафесі ұжымы да өз кезегінде жанашыр басшыға айтар алғысын жасырмайды. Олар үздіксіз газетпен қамтылып отырғандарын үлкен ризашылықпен жеткізді.
– Үйдегі ата-анамыз газет келсе ерекше қуанады. Ел ішіндегі жаңалықтарды қалт жібермей оқиды. Біз, жастар, көбіне әлеуметтік желідегі ақпараттарға сүйенеміз. Ал үлкендеріміз баспасөзде жарияланған дерекке көбірек сенім артады. Негізі, шынайы әрі сараланған ақпарат газетте беріледі. Бізді ата басылыммен жақын еткен Рабиға апайымызға алғысымыз шексіз, – дейді ұжым мүшелері.
Шынында да, уақыт алмасқанымен, газетке деген құрмет пен сенім жоғалмақ емес. Әсіресе жергілікті басылым – елдің шынайы шежіресі, ауданның тыныс-тіршілігін айнақатесіз жеткізетін ақпарат көзі. Осы ретте төл басылымды қолдау – туған жерге, елге деген жанашырлықтың бір көрінісі.
Ерсін СӘДУҰЛЫ





13 қаңтар 2026 ж. 73 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№3 (10471)

13 қаңтар 2026 ж.

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 213
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 94

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031