» » ТӨЛ ГАЗЕТ ӘР ҮЙДЕ БОЛУЫ ҚАЖЕТ

ТӨЛ ГАЗЕТ ӘР ҮЙДЕ БОЛУЫ ҚАЖЕТ

Газет – халық пен билік арасындағы алтын көпір. Ақпарат айдынындағы кез келген басылым қоғам үшін еңбек етуі тиіс. Себебі, ақпарат құралдары қоғаммен бірге өмір сүреді, қоғаммен бірге тыныстайды. Иә, басылым – қоғамның айнасы, даму көрсеткішінің таразысы. Аудан жаңалықтарын оқып-біліп, танысып отыру әр адам үшін маңызды. Әлбетте газет оқырмансыз болмайды. 

Тоқсан жылдан аса тарихы бар «Қармақшы таңы» газеті бүгінде оқырман қолдауынан кенде емес. Басылым осы уақыт ішінде жолынан жаңылмай, үрдісін жалғастырып, оқырманымен тығыз байланысты ұстап келеді. 

Таңдауы төл басылымға түскен ұжымның бірі – Ақжар ауылдық клуб үйі. Роза Кенжеғұлова басқаратын мекеме қызметкерлері – газеттің тұрақты оқырманы. Жаңалыққа жаны құмар сала мамандары жыл сайын ұжым болып басылымға жазылып, қала берді газеттің электронды нұсқасын ақпараттық агенттіктің сайтынан үзбей қарап отырады.

– «Газет – халықтың көзі, құлағы hәм тілі» деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, әлемдегі, айналадағы, оқиғаларды хабарлап отыратын құнды дүние. Ауданның төл басылымы уақыт өткен сайын ауқымы кеңіп, жаңа қырынан ашылып келеді. Әр уақыттың өзінің ерекшелігі бар. Адам баласы қоғаммен бірге өмір сүріп, қоғаммен бірге тыныстайды. Басылымның әр саны тарих болып қалатынын ескерсек, қаншама жылдан бері рухани азық болып сақталып келеді. 

Басылымның шынайы жанашыры, әрі қолдаушысы көбейген сайын біз де марқаямыз. Ұжым қызметкерлері толықтай дерлік аудан басылымының тұрақты оқырманы. Сөз соңында әр отбасының хабаршысы, жаршысына айналған төл басылымның оқырмандары көбейе берсін деген тілегімізді білдіреміз, – дейді клуб үйінің директоры.

Газет оқу – қашанда талғамы жоғары оқырманның талабы. Шынайы ақпарат, байыпты сараптама, нақты тұжырым, таңбаланған тарих. Секунд сайын жаңарып тұратын сайттардан газетті айрықшалап тұратын негізгі басымдық – осы. Газетке басылатын сөздің мағынасы зор, ықалы ерекше. Олай болса, талғамы жоғары оқырман аудан айнасына айналған «Қармақшы таңы» газеті төріңізден табылсын! Себебі төл газет – әр үйде болу қажет. Өйткені ол жазылып жатқан тарихыңыз.

Ақнұр САҒЫНТАЙ
22 қыркүйек 2024 ж. 182 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№7 (10375)

28 қаңтар 2025 ж.

№6 (10374)

24 қаңтар 2025 ж.

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 342
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031