» » Таңдауы – төл басылым

Таңдауы – төл басылым

qarmaqshy-tany.kz ГАЗЕТ – ХАЛЫҚ ПЕН БИЛІК АРАСЫНДАҒЫ АЛТЫН КӨПІР. АҚПАРАТ АЙДЫНЫНДАҒЫ КЕЗ КЕЛГЕН БАСЫЛЫМ ҚОҒАМ ҮШІН ЕҢБЕК ЕТУІ ТИІС. СЕБЕБІ, АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ ҚОҒАММЕН БІРГЕ ӨМІР СҮРЕДІ, ҚОҒАММЕН БІРГЕ ТЫНЫСТАЙДЫ. ӘСІРЕСЕ, ГАЗЕТ-ЖУРНАЛ ӘР КЕЗЕҢДЕГІ ОҚИҒА, ҚҰБЫЛЫСТАРДЫ ОҚЫРМАНЫНА ДЕР КЕЗІНДЕ ЖЕТКІЗЕДІ. ИӘ, БАСЫЛЫМ – ҚОҒАМНЫҢ АЙНАСЫ, ДАМУ КӨРСЕТКІШІНІҢ ТАРАЗЫСЫ. АУДАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫН ОҚЫП-БІЛІП, ТАНЫСЫП ОТЫРУ ӘР АДАМ ҮШІН МАҢЫЗДЫ. ӘЛБЕТТЕ ГАЗЕТТІ ОҚЫРМАНСЫЗ ЕЛЕСТЕТУ МҮМКІН ЕМЕС. ОНЫҢ ІШІНДЕ ТҰРАҚТЫ ОҚЫРМАНДАРДЫҢ ОРНЫ ЕРЕКШЕ.
Көзі қарақты оқырман ауданның тыныстіршілігімен, жаңалықтарымен үнемі танысып отыру үшін аудандық «Қармақшы таңы» газетіне жазылады. Басылымға жеке тұлғалармен бірге мекеме ұжымдары белсенділік танытуда. Аудан айнасына тұрақты түрде жазылып, туған мекеннің тіршілігімен танысып отыруды әдетке айналдырған, таңдауы төл басылымға түскен ұжымның бірі – «BalAiym» балабақшасы. Әсем Ергашова басқаратын мекеме қызметкерлері – газеттің тұрақты оқырманы. Жаңалыққа жаны құмар сала мамандары жыл сайын ұжым болып басылымға жазылып, қала берді газеттің электронды нұсқасын ақпараттық агенттіктің сайтынан үзбей қарап отырады.
– «Қармақшы таңы» – аудандағы бетке ұстар басылым. 90 жылдық тарихы бар, аудан айнасына айналған мерзімді басылымға ұжыммен тұрақты түрде жазыламыз. Оның ішінде, аудан жаңалықтарын уақытылы халыққа жеткізіп отырған газеттің әрбір нөмірін қалт жібермейміз. Сонымен қатар қазіргі басылымның бет бейнесі бөлек, ой саларлық, танымдық дүниелері өмірге деген құштарлықтың жаршысы секілді бойға қуат ұялатады. Қаламы жүйрік журналистердің сан алуан тақырыпты қозғауы – оқырмандар легін көбейтіп, шынайы ықыласқа бөлейді. Аудандық газет өз кезегінде аймақ жаңалығын қалт жібермейді және халық та оны асыға күтіп оқиды.
Адам жанына рухани азықтың дәнін себетін кітап пен газет қой. Тынымсыз тіршілікте уақыт тапсаң жаныңа тыныштық сыйлайтын да осы басылым. Әсіресе төл газеттің алар орны бөлек. Бүгінде заман талабына сай жарық көріп отырған аудан үнжариясының көтеретін жүгі еселеніп, салмағы артып келеді, – дейді балабақша меңгерушісі.
Иә, жергілікті газетті жерлестердің асыға күтетіні шығармашылық ұжымға шабыт сыйлайды. Әрі қарай да «Қармақшы таңының» ұжымы осындай ойлы да жанашыр оқырмандары үшін тынбай еңбек ете береді.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
04 сәуір 2023 ж. 323 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031