» » МҰЗ ҮСТІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК – ӘР АЗАМАТТЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

МҰЗ ҮСТІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК – ӘР АЗАМАТТЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

Қыс мезгілінде өзендер мен көлдердің беті қатып, тұрғындар үшін мұз үстімен жүру, балық аулау сияқты әрекеттер жиі кездеседі. Алайда мұздың беріктігі әрдайым бірдей болмайды. Сол себепті мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау – адам өмірі мен денсаулығын қорғаудың маңызды шарты.
Мұздың қалыңдығы қауіпсіз болуы үшін кемінде 10-12 см болуы қажет. Ағынды су айдындарында, көпірлердің маңында, бұлақтар мен құбырлар шығатын жерлерде мұз жұқа болып келеді. Мұндай аумақтар аса қауіпті болып саналады.
Мұз үстіне шыққанда жалғыз жүрмеу, өзіңізбен бірге ұзын таяқ, арқан немесе құтқару құралдарын алып жүру ұсынылады. Балалардың мұз үстінде ойнауына қатаң түрде тыйым салу қажет. Ата-аналар балаларына мұздың қауіпті екенін үнемі түсіндіріп отыруы тиіс.
Егер мұз жарылып, суға түсіп кеткен жағдайда, сабыр сақтап, қолды екі жаққа жайып мұз жиегіне тірелу қажет. Денені көлденең ұстап, жайлап мұз үстіне шығуға тырысу керек. Ал куәгерлер дереу 101 немесе 112 нөміріне хабарласып, қауіпсіз қашықтықтан көмек көрсеткені дұрыс. Төтенше жағдайлардың алдын алу – баршамыздың ортақ міндетіміз. Мұз қауіпсіздігі ережелерін сақтау арқылы адам өмірін сақтап қалуға болады.
Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі
12 қаңтар 2026 ж. 175 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 125
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 712

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031