» » Мұздағы қауіпсіздік шаралары

Мұздағы қауіпсіздік шаралары


Күн суытып, қыс мезгілі басталған сәтте су беттеріне мұз қата бастайды. «Апат айтып келмейді» деген халық даналығына сүйене отырып, Қармақшы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі, қыс мезгіліндегі төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында аудан тұрғындарына мұз үстінде жүру кезіндегі қауіпсіздік шараларын ұсынады:
- жұқа, қатпаған өзен, көл, канал, арықтар мен су қоймаларындағы мұз үстіне шықпаңыз;
- ұсынылған салмаққа мұз қалыңдығының сәйкес келуі, бір адам үшін қауіпсіз мұздың қалыңдығы 7 см кем болмауы керек;
- жаяу өткел үшін қауіпсіз мұздың қалыңдығы 15 см және одан артық болуы керек;
- автокөліктің өтуі үшін қауіпсіз мұздың қалыңдығы 30 см кем болмауы керек;
- мұз өткелдерінде аса сақ болыңыз, ескерту қалқандары мен хабарландыруларды мұқият оқып жүріңіз;
- мұзды аяғыңызбен жармаңыз;
- мұзы бар жағалау жанында балалардың ойнауына жол бермеңіз;
- судың температурасы 2-3°С кезде, адамның суда 5-10 минут болуы оның өмірімен денсаулығы үшін аса қауіпті;
- жоғарыдағы қауіпсіздік шаралары жайлы балаларға үнемі ескертіңіздер.
Қыс мезгілінде мұз үстінде жүру кезінде абай болыңыз! Өз өміріңізді қауіп-қатерге тікпеңіз! Егер сіз апат, жазатайым оқиғаның куәгері немесе өзіңіз қиын жағдайға душар болсаңыз, «112» немесе «101» құтқару қызметіне дереу қоңырау шалыңыз. Қоңыраулар кез келген байланыс құралдары арқылы (телефон, ұялы телефон) тәулік бойы және тегін қабылданады.

Қармақшы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

09 ақпан 2022 ж. 430 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 217

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 150

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 325

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930