» » Мұздағы қауіпсіздік шаралары

Мұздағы қауіпсіздік шаралары

Күн суытып, қыс мезгілі басталған сәтте су беттеріне мұз қатып бастайды. «Апат айтып келмейді» деген халық даналығына сүйене отырып, Қармақшы  ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі, қыс мезгіліндегі төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында аудан тұрғындарына мұз үстінде жүру кезіндегі қауіпсіздік шараларын ұсынады:
– жұқа, қатпаған өзен, көл, канал, арықтар мен су қоймаларындағы мұз үстіне шықпаңыз;
– ұсынылған салмаққа мұз қалыңдығының сәйкес келуі, бір адам үшін қауіпсіз мұздың қалыңдығы 7 см кем болмауы керек;
– жаяу өткел үшін қауіпсіз мұздың қалыңдығы 15 см және одан артық болуы керек;
– автокөліктің өтуі үшін қауіпсіз мұздың қалыңдығы 30 см кем болмауы керек;
– мұз өткелдерінде аса сақ болыңыз, ескерту қалқандары мен хабарландыруларды мұқият оқып жүріңіз;
– мұзды аяғыңызбен жармаңыз;
– мұзы бар жағалау жанында балалардың ойнауына жол бермеңіз;
– судың температурасы 2-3°С кезде, адамның суда 5-10 минут болуы оның өмірі мен денсаулығы үшін аса қауіпті;
– жоғарыдағы қауіпсіздік шаралары жайлы балаларға үнемі ескертіңіздер.
Қыс мезгілінде мұз үстінде жүру кезінде абай болыңыз! Өз өміріңізді қауіп-қатерге тікпеңіз!
Егер сіз апат, жазатайым оқиғаның куәгері немесе өзіңіз қиын жағдайға душар болсаңыз, «112» құтқару қызметіне дереу қоңырау шалыңыз. Қоңыраулар кез келген байланыс құралдары арқылы (телефон, ұялы телефон) тәулік бойы және тегін қабылданады.
Қармақшы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі
28 қараша 2020 ж. 969 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 017

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031