» » Мұз үстіндегі қауіпсіздік

Мұз үстіндегі қауіпсіздік


Көктемгі су тасқыны алдында мұз қалың болса да, арасы қуыс, қауіпті екенін тағы да ескерген жөн. Ал оған шығудың өзі өте қауіпті екені бәріне белгілі. Алайда қарапайым сақтық ережелерін барлығы бірдей сақтамайды. Су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Қармақшы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері, Сарыөзек көлінде рейд жүргізді. Шара барысында балықшыларға мұз үстіндегі қауіпсіздік шаралары түсіндірілді.Төтенше жағдайлар бөлімі қайғылы жағдайларды болдырмас үшін, мұздағы қауіпсіздік шараларын сақтау және оқыс жағдайға тап болған сәтте төмендегі өзін-өзі ұстау қағидаларын білу қажеттілігін ескертеді.
Мұздағы сақтық шаралары: Мұздың қалыңдығы кемінде 7 см. 1 адам үшін немесе кемінде 15 см. бір топ адамдар үшін болса ғана берік болып есептеледі. Қатты мұз көкшіл немесе жасыл түсті болады.
- Тыйым салынған жерлерде мұз үстімен су айдынынан өтпеңіз.
- Мұз үстіне мотоциклмен, автокөлікпен шықпаңыз.
- Қыс мезгілінің басында және көктемнің басында жұқа мұзға шықпаңыз.
- Қараңғы уақытта және нашар көрінетін кезде (тұман, қар жауу,жаңбыр) мұзға шығуға болмайды.
- Балық аулау кезінде көптеген шұңқырларды қатар қазбау керек, бұл өте қауіпті.
- Балық аулаған шұңқырларды қоршап немесе белгі қойып кетіңіз, өйткені ол жерлер қармен көміліп, адам өміріне қауіп төнуі мүмкін.
- Мұз үстінде бір жерде топталып жиналмаңыз – бұл қауіпті!
- Су айдындарындағы қайғылы оқиғалардың ең жиі кездесетін себептерінің бірі – алкогольдік масаңдық. Мұндай жағдайдағы адамдардың бойында қорқыныш сезімі жоғалады, төтенше жағдай кезінде дәрменсіз күйде болады.

14 наурыз 2021 ж. 1 022 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 336
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 108

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930