«Заң және тәртіп» қағидаттары түсіндірілді
Ү.К.Томанов атындағы №183 орта мектебінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында қаңтар айы- «Заң және тәртіп» құндылығы бойынша жүргізілетін айлық жоспардың бірінші күнінде «Заң-өмір тірегі» тақырыбында 8-11 сынып оқушыларымен кездесу сағаты өткізілді.
Кездесу барысында әрбір оқушыға өз құқығын білуге және өзге адамның құқығын сыйлауға тәрбиелеу, қоғамдағы әрбір ұрпақтың құқық бұзушылықсыз, тыныш өмірде өсіп жетілуіне бағыт беру және балалардың қоғам, заң, тәртіп туралы көқарастарын айқындау мақсатында өткізілді.
Кедесу сағатына Аудан прокоратурасының прокуроры Әділет Сәду,Аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы Әлиев Мағауия Бердібекұлы,Аудандық денсаулық орталығының психологы Кетебаева Әмина Тахирқызы,Әкімшілік полиция бөлімінің бастығы Серіков Нұрбек,Аудандық білім бөлімінің әдіскері Тоқшылықова Ақтолқын Каналбекқызы және мектеп инспекторы Еспанов Қайрат келіп қатысты.
Кездесу барысында Аудандық прокурор Әділет сәду әрбір баланың құқық , заң бойынша тәртіпке қатысты ережермен таныстырып өтті.
Әкімшілік полиция бөлімінің бастығы Серіков Нұрбек жасөспірім балалардың түнгі мезгілдегі қозғалысы туралы айта келіп, әрбір баланың өмірін сақтау, тәртіпке бағыну өз қолдарында екенін басты назарда айтып шықты.Аудандық білім бөлімінің әдіскері А.Тоқшылықова оқушыларға сұрақ қоя отырып пікірлесіп, болашақ туралы көзқарастарын тыңдады.
Тәртіпті сақтау, заңды білу, салауатты өмір салтын ұстану әрбір баланың болашағы үшін маңызды екенін атап көрсетті.Кездесу соңында мектептің оқушылары Сүлеймен Әлхамидулла мен Темірханов Мағжан өз ойларын ортаға салып, алдағы уақытта құқық бұзушылыққа жол бермеуге сенім білдірді.Балалардың тәртіпке бағынуы әркімнің өз қолында екенін ата-ана, ұстаз алдында ұятқа қалмау жағын атап айтты.















