» » Бала қауіпсіздігі мен тәрбиесі: ортақ жауапкершілік

Бала қауіпсіздігі мен тәрбиесі: ортақ жауапкершілік




№107 орта мектебінде 2025 жылдың 10 қазан күні «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу» акциясы аясында сала өкілдерінің қатысуымен «Бала қауіпсіздігі мен тәрбиесі: ортақ жауапкершілік» тақырыбында бірлескен ата-аналар жиыны өтті.

Аталмыш шараға Қармақшы аудандық білім бөлімінің басшысы Жәнібеков Берік Съездұлы, аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы Әлиев Мағауия Бердібекұлы, аудандық Жастар денсаулығы орталығының психологы Кетебаева Әмина Тахирқызы, аудандық білім бөлімінің әдіскері Тоқшылықова Ақтолқын Каналбекқызы, Қармақшы АПб-нің ювеналды полиция тобының инспекторы Асылжан Бақытжанұлы, Дүр Оңғар ауылының учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Айтмамбетов Болат Қаратайұлы және ата- аналар қатысты.

Келелі жиын барысында қатысушылар қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отырған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы өзекті тақырып төңірегінде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, бала қауіпсіздігіне байланысты ойларын ортаға салды.

Сонымен бірге, жасөспірім тәрбиесіндегі ата-ананың рөліне ерекше тоқталып, бала мен ата-ана арасындағы сенімді қарым - қатынастың маңыздылығын атап өтті.

Мағыналы да, мазмұнды шара соңы сұрақ- жауапқа ұласып, ата-аналар тарапынан сауалдар қойылып, сала мамандарынан нақты жауаптар берілді.
11 қазан 2025 ж. 191 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 125
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 711

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031