» » “Жеңіске жетелеген жол” – өскелең ұрпаққа шабыт сыйлаған кездесу

“Жеңіске жетелеген жол” – өскелең ұрпаққа шабыт сыйлаған кездесу



Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейінде ауданымыздың мақтанышына айналған спортшылармен әсерлі де рухты кездесу өтті. Бұл шара – жас буынға жігер беріп, спорттың маңызын терең түсіндіретін тәрбиелік мәні зор басқосу болды.

Кездесуге келіп, өз тәжірибесімен бөліскен, әсіресе, өскелең ұрпаққа спорттағы табандылық, тәртіп және мақсатқа адалдық туралы айтқан ой-пікірлері – оқушылар үшін баға жетпес сабақ.

Бүгінгі шараның мәртебесін арттыра түскен Тәтімбетов Бахберген Бахытбекұлы – самбо күресінен жоғары санатты жаттықтырушы, Тәтімбетов Қуаныш Бахытбекұлы – самбо және әскери самбодан спорт шебері, ҚР үш дүркін жүлдегері, Әлем кубогының қатысушысы, Серікбаев Айбек Әділбекұлы – дзюдо және қазақ күресінен ҚР спорт шебері, халықаралық аренада ел намысын қорғап жүрген мықты спортшы және осы мектептің мақтанышы, түлегі – Ерлан Жақсыбеков.

Ерланның жетістіктері – мектеп оқушылары үшін үлкен үлгі. Жасөспірімдер арасындағы ҚР спартакиадасының жеңімпазы, дзюдодан жастар арасында Қазақстанның екі дүркін чемпионы, Азия чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері – бұл табыстар терең еңбектің, тәртіптің және спортқа деген шынайы ықыластың жемісі.

Айбек Әділбекұлының халықаралық Гранд-Слам, Гранд-При, Еуропа кубоктарындағы қатысуы, сондай-ақ Қазақстан чемпионаттарындағы үздік нәтижелері – жас спортшыларға зор шабыт. Айбек сияқты азаматтардың табандылығы мен қайраты жастарды жаңа белестерге бастайды.

Спортшыларымыздың әрбір сөзі жас буынның жүрегіне жетіп, оларды биік мақсаттарға бағыттады.

13 желтоқсан 2025 ж. 204 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 443

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30