» » КҮМІСПЕН КӨМКЕРІЛГЕН АРУ

КҮМІСПЕН КӨМКЕРІЛГЕН АРУ

Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында жақында ересектер арасындағы спорттық және жауынгерлік самбодан Әлем кубогі өткен болатын. Осы ірі додада жерлесіміз, ауданымыздың мақтанышы Ұлтай Сейілова ел намысын қорғап, күміс медаль қанжығалады.
Ұлтай қызымыз бүгінде аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің «Спорт клубында» жаттықтырушы болып істейді. Ол жас спортшыларға самбо күресінің қыр-сырын үйретіп, жеңісті жолдарға тәрбиелеуде.
Ұлтай Шакманқызы жайында айтар болсақ, ол 2005 жылы Жосалы кентінде дүниеге келген. Ү.Томанов атындағы №183 орта мектептің түлегі болып табылады. Тараз, Ташкент қалаларында өткізілген жасөспірімдер мен жастар арасындағы самбо күресінен Қазақстан Республикасының жеңімпазы, екі дүркін Азия чемпионатының қола жүлдегері биігіне көтерілген. Самбо күресінен спорт шебері. Татарстанда ұйымдастырылған белбеу күресінен жасөспірімдер арасындағы Әлем біріншілігінің қола жүлдегері. Сондай-ақ Ақтауда өткен әйелдер арасындағы жауынгерлік самбодан Қазақстан Республикасының жеңімпазы атанған.
«Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы» демекші, Ұлтайдың бапкері, жоғары санатты ұстаз, олимпиадалық емес спорт түрлерінен жоғарғы спорт шеберлігі мектебінің жаттықтырушысы Бақберген Тәтімбетов ініміз.
– Ұлтайдың алғашқы жаттықтырушысы, білікті маман Гүлайым Нұрмаханова апайы. Ол да менің шәкіртім. Қазіргі таңда балаларды №16 балаларжасөспірімдер мектебінде самбодан жаттықтырады. Ұлтай маған 2017 жылы, 6-сынып оқып жүргенінде келді. Алдымен Гүлайымнан жаттықты. Қазақ, дзюдо, самбо күрестерінен жастар мен жасөспірімдер арасында облыста бірнеше мәрте чемпион болды. Дзюдо күресінен спорт шеберлігіне үміткер. Қарағандыда өткен 23 жасқа дейінгі жастар арасында Қазақстан Республикасы чемпионатының қола жүлдегері саналады.
Палуан қызымыз еңбекқор, бала күнінен спортты жақсы көреді. Жалқаулыққа, өзімбілемділікке жаны қас. Соңғы уақытта жауынгерлік самбо бойынша жарыстарға шығып жүр. Осы жылдың қарашасында Қырғызстанда болатын ересектер және әйелдер арасындағы жауынгерлік самбодан Әлем чемпионатына қызу дайындалып жатырмыз. Оның болашағынан үлкен үміт күтіп отырмыз. Халықаралық спорт шеберлігі нормативін орындайды және бұйырса Әлем чемпионы болады деген үміттеміз, – дейді Бақберген Бақытбекұлы.
Сәрсенкүл АҚКІСІ
27 қыркүйек 2025 ж. 125 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

№73 (10441)

27 қыркүйек 2025 ж.

№72 (10440)

23 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 528
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 327

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031