» » Ту көтерген толағайлар

Ту көтерген толағайлар

qarmaqshy-tany.kz Газетіміздің өткен санында ауданның спортсүйер қауымының сұранысымен Азия, Әлем біріншіліктерінде жеңімпаз атанған жерлестеріміздің өмір жолы жайлы жарияласақ, соны бүгінгі санда әрі қарай жалғастырмақпыз.

Айбек Серікбаев 1993 жылы есімі елге танымал, өнегелі өмір жолымен ел құрметіне бөленген, жүзден астам балуанның «Спорт шебері» атануына үлкен еңбек сіңірген, қазақ күресінен Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы Әділбек Серікбаев пен тоғызқұмалақтан талай дүбірлі жарыстардың жүлдегері атанған жас таланттардың жаттықтырушысы Гүлнар Серікбайқызының отбасында дүниеге келген.
Ол аудан орталығындағы Омар Шораяқұлы атындағы №30 орта мектептің түлегі.
Жастық шағынан әке тәрбиесін алып, спорт деген тылсым дүниенің қыр-сырын терең меңгерген Айбек аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде қазақ күресі бойынша Бақберген Тәтімбетовтің жаттықтырумен қазақ күресі және самбоның талай биік белестерін бағындырған балуан. Ол жылдар өте әкесі Әділбектің жаттықтыруымен көптеген дүбірлі жарыстардың биік тұғырынан көрінген күрес өнерінің кәнігі шебері.
Иә, жас та болса өңірімізде бұқаралық спорттың өркендеуіне өзіндік үлесін қосып келе жатқан Айбек спорттық жеңісті жолында көптеген жетістікке қол жеткізді. Айтар болсақ, ол өзінің республикалық деңгейдегі алғашқы жарысында дзюдодан Талдықорғанда өткен ел біріншілігінде жүлделі ІІІ орынды иемденсе, содан кейін жасөспірімдер арасында өткен республикалық біріншілікте топ жарып, аудан мерейін тасытты. Сондай-ақ, самбодан да өткізілген ел біріншілігінде екі жыл қатарынан өз салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанса, 2010 жылы Өзбекстан астанасы – Ташкентте самбодан өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында қола, ал келесі жылы Иран мемлекетінің Машад қаласында жастар арасында қазақ күресінен өткен Әлем біріншілігінде өз салмағы бойынша Әлем чемпионатының жеңімпазы атанды. Дарынды балуан келесі жылы дзюдодан Польша мемлекетінде өткен Еуропа кубогінде қола жүлдегер атанса, республикалық жазғы спартакиадада да, универсиада да жеңімпаз атанып, Сыр елінің абыройын асқақтатты.
Айбек Әділбекұлы қазақ күресі, самбо және дзюдодан көптеген республикалық біріншіліктер мен дүбірлі додалардың жеңімпаз, жүлдегері. Екі рет қазақ күресі бойынша республикалық «Қазақстан барысы» жарысының облыстық кезеңі «Сыр барысы» жарысының жеңімпазы, республикалық кезеңіне қатысушы. Қазақ күресі мен дзюдодан Қазақстан Республикасының спорт шебері. Жоғары білімді, Алматы қаласындағы Қазақ Ұлттық университетінің түлегі. Қазіргі таңда Қызылорда қаласындағы «Қайсар» спорт клубы директорының көмекшісі. Жұбайы Жұлдыз Жұбанышқызы да қаладағы спорт мектебінде қол добы секциясының жаттықтырушысы. Екеуі бір ұл тәрбиелеуде.
Нұрбай ӘБІЛАХАТҰЛЫ
16 тамыз 2023 ж. 905 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 026

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031