» » ЖЫЛ СПОРТШЫСЫ

ЖЫЛ СПОРТШЫСЫ

Бүгінде қазақ жұртшылығы «Жүз жыраудың Отаны» атанған Қармақшы өңіріне «Жүз балуанның Отаны» деген де атақ тағып жүр. Ол рас. Соңғы жылдары ауданда самбо, дзюдо және қазақ күресі бойынша Әділбек Серікбаев, Дархан Алмаханов, Марат Асылов, Алмат Қодаров, Қуаныш Тәтімбетов, Ғалымжан Ержанов және басқа да білікті сала мамандары жаттықтырған дарынды балуандарымыз Әлемдік, Азиялық, халықаралық байрақты бәсекелерде топ жарып, ел мерейін тасытып жүргенін ел-жұрт жақсы біледі.
Міне, осындай майталман мамандардың үмітін ақтап ел мерейін асқақтатып жүрген шәкірттердің бірі – Омар Шораяқұлы атындағы №30 орта мектептің түлегі Диана Тілеумұратова.
Жас та болса, ер-азаматтар айналысатын күрес түрі бо­йынша боз кілем үстінде тер төгіп, ұлт намысын асқақтатып жүрген бойжеткен талай дүбірлі жарыста топ жарып жүр.
Бұған дейін де түрлі байрақты жарыстарда жасындай жарқырап, өзгелерге үлгі көрсетіп келген Диана үшін биылғы жыл да табысты болды.
Жас балуан Моңғолия астанасы Улан-Батор қаласында самбодан жастар арасында өткен Азия чемпионатында 52 келіде топ жарып, жеңімпаз атанса, Ригада жастар арасында өткен Әлем біріншілігінде жүлделі ІІ орынға көтерілді. Сонымен қатар, балуанымыз бірнеше рет самбо, қазақ және дзюдо күресі бойынша ел чемпионатының биік тұғырынан көрінді. Бүгінде өз ісінің шебері, дарынды спортшы Диана жаттықтырушысы Дархан Алмахановпен бірге кезекті бәсекелі жарыстарға қызу дайындық үстінде.
03 қаңтар 2019 ж. 1 591 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 257

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 357

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930