» » ТАЛАНТТАР ТОҒЫСҚАН ТОПЫРАҚ

ТАЛАНТТАР ТОҒЫСҚАН ТОПЫРАҚ

Бұған дейін қазақ елі «Жүз шайырдың отаны» атап келген Жосалы топырағын барша қазақстандықтар «балуандар мектебі» деп те атайды. Оған себеп, еліміз тәуелсіздік алғалы бері жылдарда бұл өңірде Жарболсын Құндақбаев, Сұлтанбек Омаров,  Қуаныш Қаражанов, Шәріпбек Асанов, Сағат Бұқпанов, Әлжан Төремаханов, Еркін Атабаев, Найза Сағымбаев, Жомарт Көшербаев және басқа да талантты спорт майталмандары баптаған спортшылар өздерінің жеңістерімен ел байрағын әлем көгінде аспандатып, әнұранымызды шырқатты. Міне, бүгінде сол спорт тарландарынан тәлім алып, ұстаз жолын қуған Әділбек Серікбаев, Дархан Алмаханов, Қайрат Медеубаев, Өміржан Әбдірахманов, Самал Бисенов, Мұрат Кетебаев және басқалардың шәкірттері  аудан мақтанышына айналды. Ауданда Әлем, Азия, сонымен бірге түрлі халықаралық жарыс­тардың жеңімпазы,  ел біріншілігінің чемпионы да бар.
Қазірге таңда, ауданымызда 4 халықаралық дәрежедегі спорт шеберінен басқа 70-тен астам спорт шебері, екі жүзге жуық спорт шеберлігіне үміткер тіркелген. Расында да, қармақшылық спортшылар арасында тамаша жетістіктерімен ел абыройын асқақтатып жүргенін біз жақсы білеміз. Қазақ күресінен әлем жеңімпаздары Бауыржан Райсов, Айбек Серікбаев, Ғалымжан Әбдірахманов, Азия чемпионда­ры мен жүлдегерлері Алмат Қо­даров, Миржан Қуаңбаев,  Динара Қодарова, Мақсат Исақабылов, Диана Тілеумұратова, Дамир Әб­деков, бокстан полицейлер арасында әлем жеңімпазы Өміржан Әбді­рахманов, халықаралық жарыс жүл­дегері Самал Бисенов, жеңіл атли­кадан бес рет әлем чемпионатына қатысушы Раши­да Сарбасова, гір тасын көтеруші әлем жеңімпаздары Жарболсын Құн­­дақбаев, Серік Құл­мұр­заев пен Нұрсұлтан Көлдеевтер аудан мақтанышы.
– Аудан бойынша бүгінде спортпен 14 581 адам шұғылданады. Сонымен қатар, өңір тұрғындары 12 олимпиадалық, 5 ұлттық спорт түрімен тұрақты айналысуда. Ал, 1680 мектеп оқушысын екі спорт мектебі мен спорт клубында жаттықтырушылар түрлі секцияларда спортқа баулуда. Спорт мамандарының қажырлы да тыңғылықты еңбегінің арқасында өткен жылы  жерлестеріміз ҚР чемпионаттары мен кубоктарында 15 алтын, 22 күміс және 21 қола медальді жеңіп алса, Әлем кубогы мен чемпионатында  2 алтын және Азия біріншілігінде 2 қола медальді иемденіп, беделімізді өсірді.
Сонымен қатар, биыл да жерлестеріміз жеңісті жетістіктерін жалғастырды. Толығын айтқанда, жыл басталғалы бері  қармақшылық спортшылар арасында ҚР чемпионатында 3 алтын, 5 күміс және 13 қола медальді иеленсе, Салтанат Сұлтанбекова Азия біріншілігінде ІІІ орынды, Ғалымжан Әбдірахманов Мәскеу қаласында өткен жарыста Әлем кубогінің күміс жүлдесін иемденді. Сондай-ақ, Моңғолияда өткен Азия біріншілігінде жерлес­теріміз Ғалымжан Әбдірахманов, Динара Қодарова, Диана Тілеу­мұратова, Дәулет Тұрғанов, Дамир Әбдеков жүлдемен оралса, же­ңіл атлетшіміз Мейіржан Мақ­шат Қытайдан Гран-Приді жеңіп алды.  Жас найзашымыз Ақансері  Әбді­самат ел чемпионы атанды. Сонымен бірге, бүгінде жастар арасында кедергі арқылы жүгірудің хас шебері атанған жерлесіміз Рахымжан Келманов та ел чемпионаттарында жасындай жарқырап жүр десек артық айтқандық емес. Ал, жас та болса өз ісінің шебері атанған Айдар Ерәлиев баптайтын жас зілтеміршілер де үлкен же­тіс­тіктерге қол жеткізуде. Айшолпан Зайчикова, Гүлназ Шәмиева, Крис­тина Бутурина, Ермахан Орынбеков сынды аудан абыройын асқақтатып жүрген зілтеміршілер үлкен жарыстарда топ жарса, футболдан Бауыржан Байшылықов пен  Дәурен Досмұханов баптаған жасыл алаң шеберлері арасында Самұрат Шәл­тіков, Тәуекел Дәуітбаев және Нұр­лан Тұрсынбайлар облыстың жас­өспірімдер құрамасы сапында өнер көрсетуде, Дамир Байшылықов бү­гінде «Жас қайсар» клубының қақ­пашысы. Сондай-ақ, Абай Тұр­ғанов, Жандос Топаев және Абзал Бөрібаев сынды былғары қолғап шеберлері бап­таған боксшы қызымыз Фариза Балкир мен басқа да спортшылар ме­рейімізді өсіріп жүр, – деді аудан­дық денешынықтыру және спорт бө­лі­мінің басшысы Нұрбол Мырзабаев.
Расында да, Қармақшы ауданы спорт түрлері бойынша айма­ғы­мыздағы ең үздік аудан­дардың бірі. Оған дәлел 2013 жылы Қармақшы ауданы республика бойынша, сонымен қатар 2013 және 2015 жылдары облыс бойынша «Үздік денешынықтыру бөлімі» номинациясын жеңіп алды. Әрине, бұл аудан спортшыларының қажырлы еңбегінің жемісі.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ,
«Қармақшы таңы».
19 маусым 2018 ж. 1 678 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 038

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031