Спорт саңлақтары туған мекенде
Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты бағдарламасына сәйкес, "Туған жерге тағзым, мектебіме тағзым" атты акциясы аясында 2021 жылғы 16 сәуір күні №107 орта мектебінде дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттай отырып, зиянды әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін қалыптастырып, спортқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында "Сыр майталмандарымен жұмадағы жүздесу" атты айдарымен кездесу кеші өткізілді. Айтулы шараны дене шынықтыру пәні мұғалімі Ардақ Алмағанбетов жүргізді. Кездесу кешіне 1889-1995 жылдары аралығында мектебімізде дене шынықтыру пәні бойынша ұстаздық қызмет атқарған №15 Қармақшы аудандық ОРМБЖМ дзюдо тренері Алмаханов Дархан Ерғалиұлы, мектебіміздің 1992 жылғы түлегі, Қызылорда қаласындағы жоғары спорт шеберлігі мектебінің жоғары санатты, Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушысы Кенеев Болатбек Жақсылықұлы және Болатбектің шәкірттері "Сыр барысы" атағының иегерлері, халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, "Әлем барысы" турнирінің қола жүлдегері Мақсат Исағабылов, қазақ күресінен Әлем чемпионы Нұрым Сәлімгереев және қазақ күресінен 2 дүркін Әлем чемпионы Ғалымжан Әбдірахманов, сонымен бірге 2001 жылғы мектеп түлектері Қызылорда қаласындағы көпсалалы “Тарлан” денешынықтыру сауықтыру спорт кешенінің директоры Қалиев Досжан Асылбекұлы, №16 балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Кенеев Әділбек Жақсылықұлы қатысты. Шара барысында атақты спортшылар өздеріне қойылған сұрақтарға жауап беріп, балалық шақтарын, спортқа келу жолдарымен, қызықты ойларымен бөлісті. Өз кезегінде оқушылар кездесуден керемет әсер алып, спортқа деген ықыластары арта түскенін жеткізді.
Өскелең жеткіншектерге берері мол, тәрбиелік мәні зор кездесу кешін мектеп директоры Нұрманов Бақытбек Мәнсүрұлы қорытындылап, арнайы келген қонақтарға алғыс білдірді.