» » 90 ЖЫЛ ТАРИХЫ БАР ГАЗЕТТІҢ 50 ЖЫЛ ОҚЫРМАНЫМЫН

90 ЖЫЛ ТАРИХЫ БАР ГАЗЕТТІҢ 50 ЖЫЛ ОҚЫРМАНЫМЫН

Ауданның бас басылымына жазылушылардың бірқатары – аға буын өкілдері. Бірі басылым мекемесіне келіп жазылып жатса, енді бірі қоңырау шалып, үйден жазып кетуімізді өтінеді. Қайсысы болса да, құп алып, оқырмандарымыздың қатарының көбейгеніне қуанамыз. Ел арасында кітап пен газет оқитын үлкен кісілер деген әңгімелерді құлағымыз шалып қалып жүр. Бұл рас та секілді. Кезінде кітап пен газетті жарыса оқитын өрімдей жастар, бүгінде елдің ағасы мен анасы.
Олардың сөз саптаулары, есте сақтау қабілеттерінің әлі күнге дейін сыр бере қоймауының өзі де – кітапгазетті көп оқуынан десек, ешкім дауласа қоймас. Міне сол қалыптасқан дағды жылдар өтіп, уақыт сырғып жатса да қатарын бұзбаған. Сондай ақсақалымыз – аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков.
Асқар ағамыздың әрбір іс-шарада сөйлеген сөзі тыңдарманының құлақ құрышын қандырып, тереңнен баурап алып кетеді. Бір жағынан өмірден көрген-түйгені, бір жағынан қызметтік жолдардан өткені сеп десек, оның ар жағында рухани әлемінің байлығы жатыр. Оның кітап пен газетті көп оқитынын ел алдына шығып сөйлеген сөзінен аңғару аса қиын емес.
– Аудандық газетке жазылып келе жатқаныма елу жыл болады екен. Ол кезде «Коммунизм шамшырағы» еді.
Тәуелсіздік алғасын атауын басқаша өзгертті. Басылым – ауданымыздың рухани айнасы. Барлық жаңалықты осы газеттен күтіп отырамыз. Соңғы кезде мақтағанымыз емес, жақсы мәселелер көтеріліп жүр. Жер, ел тарихы жайында жазылған оқылымды материалдар жарық көруде. Соңғы оқығаным, Әбдірахман Құлдүйсенов ағамыздың облысымызды басқарған заңғар тұлға, атпал азамат Еркін Әуелбековтің 95 жылдығына арналған мақаласын тұшынып оқыдық. Дастан Нәзікбаев, Достық Тілеубергенов бауырларымның поэзиясы нағыз сусындарлық жырлар. Шәкең, Шегебай Құндақбаевтың ел-жер тарихынан білетіні көп азамат. Оның да мақалаларының тілі шұрайлы, бояуы қанық.
Сөз орайы келгенде айта кетейін. Газетке жазылуға келгенде «әттеген-ай» дейтін тұсымыз бар өкінішке орай. Кейбір замандас «әлеуметтік желіден оқып аламыз» дейтіні бар. Одан гөрі газет оқыған мың есе артық дер едім. Өзіміз жергілікті газетті аптасына екі мәрте іздеп күтіп отырамыз. Тазалық мәселесі, ауданның барлық тіршілігін «Қармақшы таңынан» табамыз. Сондықтан ауданның бас басылымын сүйіп оқимыз. Іздеп отырамыз.
Өз басым ұялы телефоннан жаңалықтарды қараймын, дегенмен ақпаратты баспасөз арқылы алғанға жетпейді. Кітапты оқысаңыз, соның ішінде отырғандай сезімде боласыз. «Әлеуметтік желіден көріп аламын» деген бос сөз іспетті. Кітап, газеттен керегіңізді аласыз. Кім қандай уәж айтса да, әлеуметтік желі арқылы біз дамымайтынымыз анық.
Ауданда 5700 ардагеріміз бар. Солардың көкірегі ояу, көзі қарақтысы, күнделікті ауылдың жаңалығын білгісі келетін азаматтар баспасөзге жазылуға үлестерін қосуда. Еріксіз жаздырады дегенге келетін болсам, ол газет оқуға дағдыланбаған адамның сөзі. Газет оқу да өзінше бір өнер, оған қалыптасу керек. Қоғамда болып жатқан жаңалықты біліп отыру, жақсылыққа үн қосу оқырманның жан дүниесін байытуға ешқандай кедергісі жоқ. Қайта жанжағыңызда қандай жұмыс істелуде, нендей жаңалықтар болуда, біліп отырасыз. Талдау, қорытынды жасайсыз, – дейді газетіміздің жарты ғасырдан бері жанашыры болып келе жатқан ағамыз.
Сәрсенкүл РАЙЫМБАЕВА
02 желтоқсан 2025 ж. 80 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (10459)

29 қараша 2025 ж.

№90 (10458)

25 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 989
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 669

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031