» » Басылымға берер бағам жоғары

Басылымға берер бағам жоғары


Заман ілгерілеген сайын ақпараттық құралдың дами түсетіні сөзсіз. Бүгінде әлеуметтік желінің дәурені артып, ел-жұрт шұғыл жаңалықпен дер кезінде кез келген байланыс құралы арқылы қауышуда. Алайда газет бетінен ақпараттарды оқығанды тиімді көретіндер де бар. Соның бірі – аудандық төл басылымның тұрақты оқырманы Болатбек Алманов.
Болатбек ағамыз зейнеткер. Алпыстың бел ортасына келсе де көңілі сергек. Газеттің әр саны келеді-ау дегеннен көшеге елеңдеп, пошта жәшігін қараумен болады екен.
– «Қармақшы таңын» үзбей оқитын оқырманның бірімін. Жалпы газетке деген құрметім мен қызығушылығым жоғары. Тілшілердің тың тақырыпта қалам тербегенін әркез бағалап отырамын. Соңғы уақытта жақсы дүниелерді жарыққа шығарып жүр. Аудан жаңалықтары мен әр ауыл жайлы жазылған кең көлемді мақалаларды оқып, өзім көзбен көргендей сезінемін. Басылым бетіне барлық сала қамтылып отырады. Газет таратушылар да осы төл басылымға деген ынтызарлығымды ескеріп, уақытылы жеткізіп отыруға тырысады, – дейді аудан тұрғыны.
Кейіпкеріміз газетті оқып қана қоймай, жаңалықты үй ішімен бөлісіп отыратын болса керек. Үйдегі анамыз да отағасының газет-журналға деген ерекше ықыласын ескеріп, өзі жоқта ешкімге қол тигізбей алып қоятынын жасырмады.
– Аудандық басылымды отбасымызбан оқимыз. Бірақ жолдасым газетті бірініші қолға алғаннан кейін міндетті түрде жаңалығымен бөліседі. Немерелері де атасының газет оқитын әдетін біліп, олар да қолынан тастамай ұстап жүреді, – дейді отанасы Орынкүл.

Ерсін ӘБЛӘКИЕВ
25 мамыр 2021 ж. 755 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 892
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 595

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930