Конституция
» » ТӨРЕТАМ КЕНТІНДЕГІ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТҚАН ҚҰРЫЛЫС-ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНА БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

ТӨРЕТАМ КЕНТІНДЕГІ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТҚАН ҚҰРЫЛЫС-ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНА БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Аудан әкімі Жандос Еркінбек Төретам кентіне жұмыс сапарымен барып, маңызды инфрақұрылымдық нысандардың барысын бақылады.

Алдымен аудан басшысы «Төретам теміржол вокзалындағы» жөндеу жұмыстарының қарқынын тексерді. Қазір вокзалдың сыртын қаптау жұмыстарының орындалуда. Ішкі демонтаж жұмыстары толығымен аяқталған. Аудан әкімі халыққа қолайлы қызмет көрсету- басты мақсат екенін атап өтіп, жұмыстың сапалы орындалуын жауапты сала мамандарына тапсырды.

Сондай-ақ Төретам кентіндегі барлық көшелердің жай-күйі мен балалар ойын алаңдары да назардан тыс қалмады.

Сапар барысында аудан әкімі аудандық маңызы бар «Төретам–Ақай» айналма автомобиль жолының (Бармин көшесі) жөндеу жұмыстарын да бақылады. Ұзындығы 5,3 шақырым болатын жолға күрделі жөндеу жүргізілуде. Бүгінде жол жиегіне тас төсеу және жол белгісін орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Аудан әкімі жауапты мердігерлерге жұмыстың сапасына ерекше мән беруді және бекітілген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

28 қараша 2025 ж. 134 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

№48 (10516)

27 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 412
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

21 маусым 2026 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 924

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031