Топ-баннер
Топ-баннер2
» » АУДАН ӘКІМІ ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР ЖОЛДАРЫ МЕН НЫСАНДАРДАҒЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫН БАҚЫЛАДЫ

АУДАН ӘКІМІ ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР ЖОЛДАРЫ МЕН НЫСАНДАРДАҒЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫН БАҚЫЛАДЫ


Қазіргі уақытта ауданымызда жаяу жүргіншілерге арналған инфрақұрылымды жақсарту бағытында бірқатар көшелерде жүйелі жұмыстар жүргізіліп отыр. Осыған орай бүгін аудан әкімі Y.Томанов, Х.Жомартов және Е.Қойшыбаев көшелеріндегі жаяу жүргіншілер жолының жұмыс барысын бақылады. Мердігер мекемелермен келісілген есепке сәйкес, үш көшедегі жаяу жүргіншілер жолдары желтоқсан айының соңында толық аяқталуы жоспарланып отыр. Жандос Еркінбек атқарылып жатқан жұмыстың сапасына назар аударып, тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыру мақсатында жауапты басшыларға барлық талаптың сақталуын қатаң тапсырды.

Аудан әкімі жұмыс сапарын жалғастырып, Жосалы кентіндегі теміржол вокзалы ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарын тексерді. Құрылыс барысында ғимараттың сыртын қаптау жұмыстары, ішкі демонтаж жұмыстары, сондай-ақ, шатыр жабу жұмыстары аяқталуға жақын. Жауапты мердігер мекемемен атқарылған жұмысқа барлығы 46 адам тартылған. Аудан басшысы нысанның жөнделуі қоғам үшін маңызды екенін атап өтіп, барлық жұмыстардың сапалы әрі уақытылы аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Жалпы аудан әкімі атқарылып жатқан барлық жұмыстарды тұрақты бақылап келеді және барлық нысандардың сапасы мен уақытын қатаң қадағалайтынын атап өтті.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

27 қараша 2025 ж. 182 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (10484)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (10483)

28 ақпан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 611
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 400

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031