» » ЖОСАЛЫ КЕНТІНДЕГІ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ АУДАН ӘКІМІНІҢ БАҚЫЛАУЫНДА

ЖОСАЛЫ КЕНТІНДЕГІ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ АУДАН ӘКІМІНІҢ БАҚЫЛАУЫНДА


Аудан әкімі Жандос Еркінбек Жосалы кентіндегі бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысына назар аударды.

Аудан басшысы алдымен Т.Рысқұлов көшесінде жүргізіліп жатқан жаяу жүргіншілер жолының салыну жұмыстарын бақылады. Қазіргі таңда бұл аумақта жалпы көлемі 1400 м² жаяу жүргінші жолы төселген. Қалған бөлігіне қажетті құрылыс материалдары толық жеткізіліп отыр. Жоба ЖК «Димаш» мердігер мекемесі тарапынан жүзеге асырылуда.

Аталған абаттандыру жұмыстары Жосалы кентінің сәулеттік келбетін жақсартуға, тұрғындардың қауіпсіз әрі қолайлы өмір сүруіне мүмкіндік жасауға бағытталған. Алайда, мал жайылымы, сондай-ақ, жаяу жүргіншілер жолдарына зақым келтіру жағдайлары әлі де орын алып отыр. Осыған байланысты Жандос Еркінбек тиісті сала басшыларына инфрақұрылым сапасына мән беріп, көшенің көріктілігін сақтау жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Бұдан кейін аудан әкімі Жастар ресурстық орталығының көне ғимаратына барып, ондағы атқарылған жұмыстардың барысын көрді. ЖК «Ай-Дан» мердігер мекемесі жүргізіп жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстары биыл қыркүйек айында басталған. Қазіргі таңда құрылыстың 60%-ы аяқталып отыр. Жоспар бойынша ғимарат қазан айында толық қорытындыланып, тиімді мақсатта пайдалануға берілетін болады.

Сапар барысында аудан әкімі мердігер мекемелерге жұмыстарды сапалы әрі уақытылы аяқтауды тапсырып, тиісті сала басшыларына бақылауды күшейтуді тапсырды.

30 қыркүйек 2025 ж. 88 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (10450)

29 қазан 2025 ж.

№81 (10449)

25 қазан 2025 ж.

№80 (10448)

21 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 756
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 494

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031