» » Әлеуметтік тұрғын үй құрылысы бақылауда

Әлеуметтік тұрғын үй құрылысы бақылауда




Жұмыс сапары барысында аудан әкімі Жандос Еркінбек Жосалы кентіндегі әлеуметтік жағынан осал топтарға арналған тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарымен танысты.

Аталған жоба аясында 2 пәтерлі 25 тұрғын үй (50 пәтер) салынуда. Құрылыс үшін Жосалы кентіндегі Тәуелсіздік ықшам ауданынан аукцион арқылы тиісті жер учаскелері берілген. Жобаны іске асыруға республикалық және жергілікті бюджеттен жалпы сомасы 750,1 млн теңге қаржы қаралған.

Құрылыс жұмыстарын екі мердігер мекеме – «Аман құрылыс» ЖШС және «Интегрострой» ЖШС жүзеге асыруда.

«Аман құрылыс» ЖШС салып жатқан 25 пәтердің 18 пәтерінде іргетасы қаланып, қабырға көтеру (кірпіш қалау) жұмыстары жүргізілуде және 7 пәтерінде іргетас құю жұмыстары атқарылса, «Интегрострой» ЖШС жүргізіп жатқан 25 пәтердің 20 пәтерінің іргетасы қаланып, қабырға қалау жұмыстары жалғасуда. Ал 5 пәтерінде іргетас құю жұмыстары жүргізілуде.

Алайда аудан әкімі құрылыс нысандарындағы жұмыс барысында бірқатар кемшіліктерге назар аударды. Осыған байланысты мердігер ұйымдарға және сала басшыларына жұмыстың сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуы қажеттігін қатаң ескертті.
03 қыркүйек 2025 ж. 238 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 069

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930