» » ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫ БАҚЫЛАНДЫ

ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫ БАҚЫЛАНДЫ

Аудан әкімі Жандос Еркінбек Жосалы кентіндегі бірқатар инфрақұрылымдық жобаның орындалу барысын бақылап, нақты тапсырмалар берді.
Алдымен аудан басшысы Байзақтегі көшесіндегі жаяу жүргінші жолының құрылысын көріп, жұмыстың сапасына және тұрғындар үшін қолайлы болуына назар аударды. Мердігер мекемеге құрылыс материалының сапасын қадағалап, бекітілген мерзімнен кешікпеуді ескертті.
Мұнан соң М.Құдабаев және І.Мүсірбаев көшелерінде салынып жатқан балалар ойын алаңдарының жай-күйімен танысты. Жергілікті тұрғындардың өтінішіне сәйкес қолға алынған бұл жобаның сапалы әрі қауіпсіз орындалуы тиіс екенін айтты.
Сонымен қатар Н.Нақыпов, Келменбет батыр және Қ.Шыңғысов көшелеріндегі күрделі жол жөндеу жұмыстары да аудан әкімінің назарында болды. Нысан басында аудан басшысы жауапты бөлім мен мердігер ұйымдарға нақты тапсырма жүктеп, жұмыстың сапасы мен уақытылы орындалуындалуын үнемі бақылауда ұстауды міндеттеді.
«ҚТ» ақпарат
07 шілде 2025 ж. 325 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 268
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 425

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30