» » ТӨРЕТАМ КЕНТІНДЕ ЖОЛ ЖӘНЕ АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

ТӨРЕТАМ КЕНТІНДЕ ЖОЛ ЖӘНЕ АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР


Аудан әкімінің орынбасары Шыңғыс Сыдықов Төретам кентіне іссапармен барып, бірқатар нысандардың атқарылып жатқан жұмысын бақылады.

Сапар барысында Жанқожа батыр, Жәрімбет би, және Мұратбаев көшелерінің санитарлық тазалығы мен абаттандыру шараларының барысы қаралды. Атап айтқанда, жаяу жүргіншілер жолын салу, асфальт жабындысын төсеу және көшені кеңейту бойынша тиісті бөлім басшыларына жобалық-сметалық құжаттар әзірлеу тапсырылды. Кенттің сыртқы аумағы мен санитарлық талаптарға сәйкестігі де назардан тыс қалған жоқ. Сонымен қатар кент көшелерінде орналасқан электр әуе желілері мен «Қазақтелеком» мекемесіне қарасты бағаналардың дұрыс орналастырылуы бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізу тапсырылды.

Іссапар аясында Шыңғыс Әбділәмитұлы аудандық маңызы бар «Төретам–Ақай» (ұзындығы 5,3 км) автомобиль жолындағы жөндеу жұмыстарының барысын да тексерді.

Төретам кентіндегі теміржол вокзалының аумағы жаңаша келбетке ие болмақ. Осы орайда бұл нысанның күрделі жөндеу және аумақты абаттандыру жұмыстары да бақылауға алынды.

Сапар соңында атқарылып жатқан жұмыстың сапалы әрі мерзімінде аяқталуы үшін тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.

12 қараша 2025 ж. 205 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 073

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930