Құрылтай
» » ТӨРЕТАМ ЖӘНЕ АҚАЙ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІНДЕГІ НЫСАНДАР ҚАРАЛДЫ

ТӨРЕТАМ ЖӘНЕ АҚАЙ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІНДЕГІ НЫСАНДАР ҚАРАЛДЫ


Облыс әкімі жүктеген міндеттерді іске асыру аясында аудан әкімінің тапсырмасымен аудан әкімінің орынбасары Айдын Серікұлы Төретам және Ақай елді мекендеріндегі әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандардың жұмысын бақылады.

Сапар барысында ең алдымен Төретам кентіндегі темір жол вокзалының қазіргі жағдайы қаралып, ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесі талқыланды. Нысанның техникалық жай-күйін саралау негізінде тиісті шаралар қабылдау қажеттігі атап өтілді.

Одан кейін Ақай ауылдық округінде жақын арада пайдалануға берілетін денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстары пысықталды. Құрылыс қарқыны мен сапасына мән берілді.

Аудан әкімінің орынбасары жауапты мекемелер мен мердігерлерге атқарылып жатқан жұмыстардың сапасын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

05 наурыз 2025 ж. 363 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 642
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 103

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31