» » Қармақшы аудан әкімінің орынбасары елді мекендерді аралады

Қармақшы аудан әкімінің орынбасары елді мекендерді аралады

qarmaqshy-tany.kz Бүгін аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы ауданға қарасты бірқатар елді мекендерді аралап, құрылысы жүріп жатқан нысандардың жұмысымен танысты.

Алдымен, Т.Көмекбаев ауылында жаңадан бой көтерген су қабылдау құрылғысының жұмыстарын көріп, аудандық маңыздағы «Самара-Шымкент» Ақжар, Тұрмағамбет, Көмекбаев» автомобиль жолдарының орташа жөндеу жұмыстарының барысын бақылады.

Одан соң, Тұрмағамбет, Ақжар және Дүр Оңғар ауылдарында құрылысы басталған дәрігерлік амбулаториялардың жұмыстарын қадағалап, Тұрмағамбет ауылында күрделі жөндеуден өткен ойын алаңқайымен танысты.

Одан бөлек, аудан әкімінің орынбасары Дүр Оңғар және ІІІ Интернационал ауылындағы құрылысы жүргізілетін дене шынықтыру және сауықтыру кешендерінің жер учаскесін көрді.

Іссапар соңында Төретам, Ақай елді мекендеріндегі газдандыру жұмыстарымен танысып, Ақай ауылында құрылысы салынып жатқан дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің жұмыстарын бағамдады.

Сонымен бірге, Байқоңыр қаласында бес қабатты тұрғын үй құрылысы мен ауыз су желілерін қайта жаңғырту жұмыстармен танысты.

Аудан әкімінің орынбасары барлық нысандарды аралау барысында жауапты сала басшылары мен мердігерлерге құрылыс жұмыстарын сапалы етіп жасауды тапсырды.

Сондай-ақ, Төретам және Ақай елді мекендерін газдандыру жұмыстарын тұрғындар игілігі үшін белгіленген мерзімінен бұрын пайдалануға беру жөнінде ұсыныстарын жеткізді.

29 шілде 2023 ж. 325 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№17 (10385)

04 наурыз 2025 ж.

№16 (10384)

01 наурыз 2025 ж.

№15 (10383)

25 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 437
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31