» » Қармақшы ауданы әкімі құрылыс нысандары мен бақшалық жерлерді аралады

Қармақшы ауданы әкімі құрылыс нысандары мен бақшалық жерлерді аралады

qarmaqshy-tany.kz Қармақшы ауданы әкімі Жандос Еркінбек бірқатар аудандағы құрылыс нысандарын аралады.

Аудан басшысы жалпы көлемі 8 шақырымды құрайтын аудандық маңызы бар «Самара-Шымкент, Ақжар-Көмекбаев» автожолының жұмысымен танысып, жауапты сала басшыларына елді мекендерді облыс және аудан орталықтарымен байланыстыратын автожол құрылысының сапасын тұрақты бақылап, халық игілігіне пайдалануға беру үшін құрылыс жұмыстарының уақытылы аяқталуының маңыздылығын атап өтті.
Дауылкөл, Ақжар, Жаңажол елді мекендерінде 2023 жылы құрылысы басталған фелдьшерлік - акушерлік пунктердің жұмыстарымен танысты. Ауыл әкімдері мен сала басшыларына халық қажеттілігі үшін салынып жатқан әлеуметтік нысандарының құрылысын тұрақты бақылау қажеттілігін ескертті.

Аудан басшысының жұмыс сапары Ақжар ауылындағы Ж.Жабаев көшесінің жөндеу жұмыстарымен танысу және ауыл диқандарымен жүздесуімен жалғасты. Ауыл дихандарының көкейтесті сұрақтарына жауап берді.

Іс сапар ІІІ Интернационал ауылындағы Астана көшесіне жүргізілген жөндеу жұмыстарының сапасы мен скважиналық су айдау қондырғысының жай-күйіне қадағалау жүргізумен жалғасты.

Аудан басшысының іссапары Иіркөл ауылы тұрғындарымен егілген бақша жұмыстарын бақылап, ауыл шаруаларымен еркін форматта пікір алмасумен аяқталды.
21 шілде 2023 ж. 691 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 064
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 728

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031