» » Аудан әкімі Төретам, Ақай елді мекендерінде болды

Аудан әкімі Төретам, Ақай елді мекендерінде болды

Аудан әкімі Жандос Еркінбек Ақай және Төретам елді мекендеріне жұмыс сапарымен барып, бірнеше маңызды нысандардың жай-күйімен танысты.

Алдымен Ақай ауылында салынып жатқан дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстарын тексерді. Мердігер мекемемен кездесу барысында ауыл тұрғындарының көптен күткен маңызды нысанға салғырт қарап, уақытында орындамағанын қатаң сынға алып, ескертулер жасады.

Осыдан кейін аудан басшысы ақай ауылдық клубында тұрғындармен кездесіп, олардың талап-тілектерін тыңдады.

Сапар әрі қарай Төретам кентінде жалғасып, №80 мектепке барып, оқу процесімен танысты. Аудан басшысы Жандос Еркінбек оқушылармен кездесіп, оларды жаңа оқу жылымен құттықтап, болашақта білімді әрі білікті маман болып шығатынына сенім білдірді. Сонымен қатар, мектеп басшылығына оқушыларға ыстық тамақ ұйымдастыру мен санитарлық талаптарды үнемі бақылауда ұстауды тапсырды.

Сапардың қорытындысында аудан әкімі Төретам кентінің клубында мекеме басшылары және ауыл ақсақалдарымен кездесіп, кенттің дамуы және өзекті мәселелер төңірегінде пікір алмасты.
13 қыркүйек 2024 ж. 361 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031