» » Нысандардың жай-күйі бақыланды

Нысандардың жай-күйі бақыланды




Бүгін аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы және аудан әкімі аппаратының басшысы Диас Асылбекұлы бірқатар әлеуметтік және мемлекеттік нысандарды аралап, олардың көктемгі дайындықжұмыстарымен танысты.

Алдымен №121 орта мектепке барып, мектеп ауласын көгалдандыру, ағаш отырғызу, талдарды балақтау және қоршауларды сырлау жұмыстарының уақытылы орындалуын қамтамасыз ету тапсырылды.

Бұдан соң, санитарлық-эпидемиологиялық зерттеу орталығына барып, мекеме аумағының күтімін бақылап, абаттандыру жұмыстарына дайындықты пысықтады. Сыртқы қоршауларды жаңарту және сырлау, аумақты көгалдандыру бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Сонымен қатар, аудандық ветеринариялық станциясы мен орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің көктемгі жұмыс жоспары қаралды. Қызметкерлерге маусымдық шараларды уақытылы жүзеге асыруды қамтамасыз ету жөнінде нақты міндеттер жүктеді.

Көктемгі санитарлық тазарту жұмыстары аясында елді мекендердегі иесіз иттер мен мысықтарды аулау және жою шараларының барысы да назарға алынды. Жауапты мекемелерге тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ветеринариялық талаптарға сәйкес тиісті жұмыстарды жүргізу тапсырылды.
24 ақпан 2025 ж. 314 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 071
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 283

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031