» » ӨШПЕЙТІН АҚПАРАТТЫҢ МЕКЕНІ – ГАЗЕТ

ӨШПЕЙТІН АҚПАРАТТЫҢ МЕКЕНІ – ГАЗЕТ

Технология тіршіліктің барлық саласына дендеп еніп, жасанды интеллект адамның ойы мен бейнесін айна-қатесіз қайталап, ақпарат алмасу жылдамдығы көз ілеспейтін деңгейге жеткен кезде қағаз басылымның құндылығы туралы сөз қозғау қиын көрінеді. Дегенмен, сансыз сайт пен сілтемеге толы бүгінгі ақпараттық кеңістіктің арғы жағынан әлі де білім мен ғылымның, адами болмыс пен ішкі сүзгінің әлсіз сәулесі байқалуда. Өкінішке қарай, осы сәулені өшіруге бейім қоғам қалыптасып келетіндей.
Қазір газетке жазылуды артық санайтындар көбейді. Тіпті жас ұрпаққа үлгі болуы тиіс жандардың өзі баспасөзден алыстап бара жатқаны қынжылтады. Бұл – ұлт болашағына төнген қауіп. Өйткені кітап оқу мен газет-журнал оқу – бір-бірінен бөлінбейтін ұғым. Газеттің қадірін жоғалтқан қоғам ертең кітаптан да қол үзбесіне ешкім кепіл емес.
Қазір әлеуметтік желіге тәуелділік ұлғайып, оқиғаның мәнін пост пен пікір арқылы бағалау қалыпты құбылысқа айналды.
Цифрлық кеңістіктің әлсіз тұсы – тұрақсыздық. АҚШ ғалымдарының зерттеуіне сүйенсек, он жыл бұрын жарияланған онлайн материалдардың 60 пайызы өшіп кеткен. Ал газетте жарық көрген ақпарат жоғалмайды, ғасыр бұрынғы басылымдардың өзі сол қалпында сақталуда. Қиын-қыстау шақта дәстүрлі БАҚтың қажеттілігі айқын байқалғаны рас. Соның айғағы пандемия мен Қаңтар оқиғасы кезінде ел интернет өшкен сәтте газет пен теледидарға қайта жүгінді.
Дамыған елдерде интернет жылдамдығы жоғары болғанымен, газет оқу мәдениеті де берік сақталған. Өйткені олар сапалы ақпараттың құны желідегі қысқа посттардан емес, баспасөздің терең талдауынан басталатынын жақсы біледі.
Ал бізде ше? Қазір кей жандар баспасөзге жазылуды қолдау орнына, әлеуметтік желідегі ақпаратты оқып, соған сүйенгенді жөн санайды. Тіпті олар сапасыз контентке толы сансыз сілтемені есеп берудің өлшеміне айналдырып алған.
Дегенмен қазіргі желі шуынан шаршап, нақты ұстанымы бар аудан айнасын іздейтін оқырмандардың бары бізді қуантады. Ата-бабамыз «тасқа басылған» деп бекер айтпаған. Газеттегі ақпарат өшпейді, өзгермейді, уақыт сынынан өтеді.
Сондықтан қағаз басылым – тасқа басылған сөз. Ол – халықтың жадында қалатын құндылық. Дамыған елдерде газет оқуға, газетке жазылуды міндет деп емес, мәдениет ретінде қарағандай, бізге де осы көзқарас қазіргі таңда қатты қажет-ақ.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
27 қараша 2025 ж. 61 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (10458)

25 қараша 2025 ж.

№89 (10457)

22 қараша 2025 ж.

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 945
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 631

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930