Баспасөзбен біргеміз!
![](/uploads/posts/2023-12/medium/1701503973__dsc7986.jpg)
Бұл ретте технология жағынан дамыған елдердің өзінде күніне миллиондаған тиражбен шығатын газеттер барын ескеру керек. Сол мемлекеттер газеттерін неге жауып тастамайды? Олар оған бармайды. Өйткені онда газет оқу мәдениеті қалыптасқан.
Біз де осы газет оқу мәдениетін жоғалтып алмауымыз қажет. Мұнда қаншама адамның үздіксіз ізденісі, табанды еңбегі бар. Әрі газет арқылы тәрбие бере аламыз. Түсінген, ұғынған жанға баспасөз де мықты тәрбие құралы. Мәселен, жетістікке жеткен адам туралы мақаланы оқып, сондай болуға ұмтылуға болады. Ал ой салар әңгімелерден жамандықтан жиреніп, жақсылықты үйрену ләзім. Жалпы газет, баспа бетіне үңілетін жанның көкжиегі кең, танымы терең болады. Сондықтан да аудан айнасының орны бөлек. Біз әрдайым аудан айнасымен біргеміз. Ұжыммен бірге ғасырға жуық қызметі бар төл басылымның тұрақты оқырмандары бола бермекпіз, яғни әрдайым баспасөзбен біргеміз.
Дастан БАЙДӘУЛЕТОВ,
майор, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы