» » ЖЫР БЕСІГІНЕН ШЫҚҚАН ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ

ЖЫР БЕСІГІНЕН ШЫҚҚАН ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ

Жырдың алтын бесігі саналған қасиетті топырақта сөз иесі мен жыр киесі егіз өрілген. Ақын мен жырау – екеуі екі арна емес, бір дарияның егіз толқыны. Тектілік тамырын тереңнен тартқан топырақ талай талантты жыр бесігінде құндақтады. Бір ауылдан 117 шайыр шыққан Тұрмағамбет ауылының тумасы Бөрібай Қуаңбаев сол 100 шайырдың бірі болған. Суырып-салма ақындық қасиетімен қатар өмірінің 40 жылға жуық уақытын ұстаздық жолына арнаған ұлағатты ұстаз.
Жуырда аудан әкімдігінің қолдауымен, К.Рүстембеков атындағы Жыраулар үйінің ұйымдастыруымен Сыр сүлейлерінің мұрагер ұрпағы, ақын-ұстаз Қуаңбай Бөрібаевтың туғанына 85 жыл толуына орай «Сыр сүлейлерінің дарабозы» атты жазба ақындар мүшәйрасы ұйымдастырылды. Оны Дауылкөл ауылдық округінің әкімі Сабырхан Дүйсенбайұлы ашып, қатысушы талапкерлерге сәттілік тіледі. Ақынның мұралары жинақталған «Әке аманаты» атты кітаптың тұсаукесер рәсімінде Журналистер одағының мүшесі, ақын Үрліхан Өңдібаева, «Тұрмағамбет» ЖШС төрағасы Нұржан Пірмантаев, медицина саласының ардагері Өмірбек Кенжеғұлов лентасын кесіп, жылы лебіздерін білдірді.
Арнайы құрылған қазылар алқасының шешімімен Мөлдір Тәңірбергенова бас жүлде иеленсе, Тұрар Бекмұрзаев І орынды жеңіп алды. ІІ орын Аслан Бермановқа бұйырса, ІІІ орынды Рауан Бегежанова мен Нұргелді Өтепберген жеңіп алды. Ердәулет Орынбасаров пен Самат Бұхарбаев алғыс хатпен марапатталды. Бөрібай ақынның ұрпақтары барлық қатысушыға ризашылығын білдіріп, қаржылай сыйлық табыс етті.
Осындай жыр кешіне арқау болған тұлға, руханияттың шамшырағының жыр мұрасы ұрпақтары барда өшпек емес. Қобыз сазымен сары даланы тербеген Қорқыт бабамен бірге жасасып, жыр шаңырағын, бақыт пен бірлікті бірге көтерген жыраулық өнердің күмбезі биік болғай!
Салтанат ЖҰМАТАЕВА,
аудандық Жыраулар үйінің әдіскері
25 қараша 2025 ж. 100 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (10458)

25 қараша 2025 ж.

№89 (10457)

22 қараша 2025 ж.

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 935
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 628

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930