» » » Сыр сүлейі – Тасберген

Сыр сүлейі – Тасберген

Биыл – жыр жүйрігі Тасберген Құламанұлының туғанына 155 жыл. Ол қазіргі Алдашбай ахун ауылы маңында 1870 жылы дүниеге келген. Тасберген – дәстүрлі өнерді байытқан жампоз жырау. Алуан жүйріктің арасынан айрықша мақамымен ерекшеленген оның мұрасы – шеті көрінбейтін мол қазына. 70 жасында дүниеден өткен жыраудың сүйегі 1940 жылы Тұрмағамбет ауылына қойылған. Сүлейлер мұрасын зерттеп жүргендер қазір Сырдың бойында сақталған 300-ге тарта мақамсаздың жартысынан астамы осы Тасберген жырау арқылы бізге өрнегі бұзылмай жеткенін айтады. Жыраудың әйгілі «Маңырамасы» –жыр көмбенің баға жетпес қазынасының бірі. Ол көптеген дастан мен толғауды кейінгіге жеткізіп, бұрынғы жыраулар мұрасын насихаттаған оның өнегесі өшпек емес.
Жуырда жүз жырауын жүзіктеген, ақыны мен даналарын төрге оздырған Тұрмағамбет ауылында аудан әкімдігінің қолдауымен, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің, К.Рүстембеков атындағы Жыраулар үйінің ұйымдастыруымен Сыр сүлейі, жырау Тасберген Құламанұлының 155 жылдығына арналған «Жыр жампозы – Тасберген жырау» атты облыстық жыршы-жыраулар фестивалі жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Рухани шараны Дауылкөл ауылдық округінің әкімі Сабырхан Зайыров құттықтау сөзбен ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жыр шеруіне Сыр сүлейлерінің мұрагер ұрпақтары Қасарбек Кәрібаев, Балтабай Бедебаев, Руслан Ахметов, Серік Жақсығұлов, Әділхан Қуаңбаев, Руслан Өтегенов қатысып, Сыр сүлейлерінің шығармаларын мақам – саздарында нақышына келтіре орындап, халықтың ықыласына бөленді. Сондай-ақ жыршылар өнерін тамашалауға жиылған жұрт жыраудың туындысын сүйсіне тыңдады.
Кеш соңында барлық қатысушы аудан әкімі Жандос Еркінбекұлының арнайы дипломымен марапатталды.
Ақнұр ЕРДҮЙСЕНҚЫЗЫ
15 сәуір 2025 ж. 606 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930