» » АДАЛ ЖОЛ - АДАЛДЫҚТЫҢ АЙНАСЫ

АДАЛ ЖОЛ - АДАЛДЫҚТЫҢ АЙНАСЫ

Білім бөлімінің жоспарына сәйкес №274 орта мектебінде құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында «Адал жол – адалдықтың айнасы» тақырыбында 9-10-сынып оқушылары арасында аудандық дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – оқушыларға адалдық, әділдік, жауапкершілік құндылықтарын дәріптеу арқылы құқық бұзушылықтың алдын алу, заңға деген құрметін қалыптастыру болды.

Дөңгелек үстелге Германия кеңес әскерлері тобы және Варшава келісім-шарт әскерлері тобы ардагерлері Республикалық қоғамының Қармақшы аудандық филиалы директорының орынбасары Серкешбаев Алпысбай Нұрмағамбетұлы, аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы Әлиев Мағауия, армакшы аудандық білім бөлімінің тәрбие жұмысы жөніндегі әдіскері Токшылыкова Актолқын Каналбеккызы, Байқоңыр қалалық прокуратурасының прокуроры Камбар Мадина, РФ ІІБ жасөспірімдер ісі жөніндегі инспекторы, полиция аға лейтенанты Кульбекова Гулмира Сагидуллаевна қатысты.

Іс-шара барысында оқушылар адалдық ұғымы туралы ойларымен бөлісіп, жағдаяттық тапсырмалар орындап, парасатты қоғам құруда әр азаматтың үлесі, адамгершілік, адалдық, әділдік құндылықтарын арттыруға және тәртіп бұзудың алдын алуға бағытталғ а пікірлер айтылды, оқушылар көкейіндегі сұрақтарын қойып, өз ойларымен бөлісті.

19 қараша 2025 ж. 257 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 075
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 286

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031