» » ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ – АДАЛДЫҚ ЖОЛЫ

ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ – АДАЛДЫҚ ЖОЛЫ

Жуырда ауданға қарасты №199 орта мектепте «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу» акциясы аясында «Болашаққа дұрыс қадам – құқықты құрметтеуден басталады» тақырыбында іс-шара өтті.
Оған аудандық прокуратураның аға прокуроры Еркін Нәбиұлы, аудандық полиция бөлімінің орынбасары, полиция майоры Оспан Қосжанұлы, аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы Мағауия Әлиев, аудандық білім бөлімінің әдіскері Ақтолқын Каналбекқызы, ауыл әкімі Владимир Жақсылықұлы, мектептің ата-аналар комитетінің төрағасы Рахымжан Жүрсінбаев және мектептің 8-10 сынып оқушылары қатысты.
Бұл жиынның мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңды құрметтеуге шақыру, құқықбұзушылықтың алдын алу, өз құқығы мен міндетін жете түсінуге тәрбиелеу, жас ұрпақты әділеттілікке, адамгершілікке және жауапкершілікке баулу.
Іс-шара аясында мектеп оқушылары өз өнерлерін ортаға салып, ән, би, театрлық қойылым көрсетті. Мектеп психологі Г.Мұратова келген қонақтармен «Шынымды айтсам...» сергіту сәтін жүргізіп, естелік кәдесыйларын таратты. Жиын соңында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Маханбетова, мектеп психологі Г.Мұратова, мектептің әлеуметтік педагогі Ә.Пшкеева сала мамандары мен мектеп оқушыларына «Құқығыңды білесің бе?» тақырыбында топтық жұмыс жүргізіп, жиынды қорытындылады.
Жаннат АЛМАБАЙҚЫЗЫ,
№199 орта мектеп директоры
14 қазан 2025 ж. 214 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 122

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930